Accessibility links

Украина дрондары Ресейдегі екі Wildberries қоймасы мен мұнай базасына шабуылдады

Украинаның дрон шабуылынан өртенген Wildberries қоймасы. Краснодар, Ресей, 22 шілде, 2026 жыл.
Украинаның дрон шабуылынан өртенген Wildberries қоймасы. Краснодар, Ресей, 22 шілде, 2026 жыл.

22 шілдеге қараған түні Украина күштерінің дрондары Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріндегі логистикалық орталықтарға шабуыл жасады. Соққыдан бірнеше адам жараланған деген ақпарат тарады.

Краснодар өлкесі жедел штабының мәліметінше, Краснодардағы қоймаға жасалған шабуылдан үш адам зардап шеккен. Невинномысскідегі қойма да өртке оранып, бес адам жараланған.

Армавир қаласында дрон мұнай базасына түсіп, ірі өрт шыққан. Қала әкімдігі шабуылға 16-дан астам дрон қатысқан деп хабарлады.

Өрт шамамен 800 шаршы метр аумақты алған. Құтқару қызметтері оны сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп жазды жергілікті басылымдар.

Краснодар қаласы мен Динская станицасындағы тұрғын үйлер де дрон шабуылына ұшырап, зақымдалған.

Ресейдегіі Wildberries орталықтарының иесі Татьяна Ким шабуылдан компания қызметкерлері зардап шеккенін мәлімдеді, бірақ нақты санын атаған жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG