Украина Жоғарғы Радасы бейсенбіде премьер-министр Сергей Корецкий ұсынған жаңа үкімет құрамын мақұлдады. Олардың тізімін парламент спикері Руслан Стефанчук жариялады.
- Денис Шмыгаль – премьер-министрдің бірінші орынбасары және энергетика министрі;
- Татьяна Бережная – премьердің гуманитарлық саясат жөніндегі орынбасары;
- Всеволод Ченцов – премьердің Украинаның еуропалық және еуроатлантикалық интеграциясы жөніндегі орынбасары;
- Андрей Бутенко – білім министрі;
- Иван Выговский – ішкі істер министрі;
- Сергей Марченко – қаржы министрі;
- Виктор Ляшко – денсаулық сақтау министрі;
- Денис Маслов – әділет министрі;
- Оксана Ферчук – цифрлық трансформация министрі;
- Матвей Бедный – жастар және спорт министрі;
- Денис Улютин – әлеуметтік саясат министрі;
- Виталий Ким – ардагерлер істері министрі;
- Виталий Безгин – қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрі;
- Николай Калашник – инфрақұрылым министрі;
- Александр Кравченко – экономика және экология министрі;
- Тарас Высоцкий – аграрлық саясат министрі лауазымына тағайындалды.
Ал сыртқы істер министрі және қорғаныс министрі лауазымдарына кандидаттарды Украина президенті ұсынады.
16 шілде күні Киевте және өзге де бірқатар қалаларда наразылық акциялары өтті. Оған қатысушылар кейінгі жарты жыл Украинаның қорғаныс министрі болған Михаил Федоровты бұл қызметтен алып тастауға қарсылық білдірді.
Федоров қорғаныс министрлігін басқарған тұста Украинаның әскери дрон өндірісі күшейіп, майданда украин әскерінің шабуылдарының тиімділігін арттырды дейді сарапшылар. Украин дрондары Ресейдің энергетика саласына да елеулі шығын келтірді. Бұған дейін украиналық басылымдар 35 жастағы Михаил Федоров пен Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы 60 жастағы Александр Сырский бір-бірімен дүрдараз екенін айтып, министрді отставкаға жіберу туралы шешімге осы әсер еткен болуы мүмкін деп хабарлаған. Сарапшылар қорғаныс министрлігінің жұмысына тың серпін әкелген Федоровтың халық арасында беделі өскенін де айтады.