Accessibility links

Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Федоров сайлау өткізу тетігін табу керек деп мәлімдеді

Михаил Федоров
Михаил Федоров

Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоров сейсенбі күні жариялаған видеоүндеуінде елде ұзаққа созылған соғыс кезінде де сайлауды қайта бастаудың "заңды, қауіпсіз әрі нақты тетігін" табу керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

"Егер соғыс тағы бір, екі, үш жылға жалғасатын болса, украиндықтардың өз үкіметін қашан қайта сайлай алатынын анықтау құқығын іс жүзінде Ресей алмақ па? Мен олай болмайтынына сенімдімін. Демократияны Ресей кепілге ала алмайды. Біз Украинаға тіпті ұзаққа созылған соғыс кезінде де толымды демократиялық процесті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін заңды, қауіпсіз әрі нақты тетікті табуымыз керек", – деді Федоров.

35 жастағы Федоров бұл мәлімдемені Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға Евгений Хмараны қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы ұсыныс енгізгеннен кейін көп ұзамай жариялады.

2026 жылдың басында Украинаның қорғаныс министрі болып тағайындалған Михаил Федоровтың отставкаға кеткені 15 шілдеде белгілі болған. Қызметінен босатылғаннан кейін Федоров сол кездегі Украина қарулы күштерінің Бас қолбасшысы генерал Александр Сырскийді қатты сынға алды. Сырский мен Федоровтың әскери стратегия мәселесінде, мысалы дрондарды қолдану ауқымын кеңейтуге байланысты көзқарасы әртүрлі болғандықтан бір-бірімен тіл табыса алмаған деген әңгімелер айтылған. Бұрынғы қорғаныс министрінің сөзінше, Сырский оның отставкаға кетуін талап еткен.

Шілденің ортасында Федоров Украинаның қорғаныс министрі лауазымынан босатылғаннан кейін жұрт жаппай наразылық білдіріп шеруге шыққан.

  • Украинаның әскери жағдай туралы заңы бойынша, соғыс жүріп жатқан кезде ел азаматтары президентті, парламентті және жергілікті билік органдарын сайлай алмайды. Бұған дейінгі жалпыұлттық сайлау 2019 жылы өткен.
Айдар
XS
SM
MD
LG