Accessibility links

Северодонецк. Ресей қиратқан қаланың қазіргі тіршілігі

Ресей әскері ұзаққа созылған шайқастан соң Украинаның Донбасс аймағындағы Северодонецк қаласын басып алды. Соғысқа дейін бұл қалада 100 мыңнан аса адам тұрған еді. Украина әскері бірнеше апта бойы қала үшін шайқасқанмен, Ресейдің артиллериялық шабуылдарынан соң кері шегінді.

Украина Северодонецк қаласынан кеткенін «тактикалық» қадам деп, әскери күшін Солтүстік Донец өзенінің екінші жағындағы Лисичанск қаласына жіберді. 30 маусымда Reuters фототілшісі Ресей оккупациялап алған қаланың тіршілігін суретке түсірді.


XS
SM
MD
LG