Эстония мен Латвия парламенті Ресей әскерилерінің Украинадағы «әскери қылмысы мен украин халқына жасаған геноцидін» сынайтын құжат қабылдады.
Ресей думасының спикері: Ресей «территориясын қайтарып жатыр»
Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин Ресейдің алтын валюта қорына салынған санкцияларына қатысты айтқаны:
«Ресурстарымызды жоғалтқан жоқпыз, оларды бұғаттап тастады, демек қайтару керек. Мақсатымыз – осы. Бізден көп нәрсені алып алды. Қазір еліміз активтерін де, территорияларында қайтарып алып жатыр».
Володиннің бұл сөзін РИА Новости агенттігі жариялады.
Мәскеу соты Google компаниясын «Украинадағы арнайы операция жайлы фейктерді» алып тастамады деп 11 млн рубль (136 мың доллар) айыппұл салды.
Ресей Украинаға басқыншылығын «арнайы операция» деп атап, «соғыс» деген сөз қолданған материалдар мен видеоларды «фейк» деп таниды.
Владимир Зеленский, Светлана Тихановская және «Первый каналдың» экс-редакторы Марина Овсянникова немістің Бостандық бойынша бұқаралық ақпарат құралдары сыйлығын алады. Биыл бұл сыйлық Шығыс Еуропаның бостандығы үшін күрескендерге берілмек.