Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

16:38 21.3.2022

Харьков пен Одесса тағы да атқыланды

Ресей әскерилері кейінгі күнде Харьков облысын атқылауды күшейткен. Бұл туралы облыс әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов айтты.

"Түнде ресейлік оккупациялық әскерилер атқылауды жиілетіп, артиллерия және минаметтен 58 соққы жасады" деді ол.

Одессада таңертең ресейлік әскерилердің атқылауынан бірнеше тұрғын үй бүлінген. Бұл туралы Одесса әскери әкімдігі жедел штабының өкілі Сергей Братчук айтты. Оның сөзінше, Ресей әскерилері кемеден шабуылдаған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар жайлы ақпарат тексеріліп жатыр.

19:51 21.3.2022

Бір-екі сөйлеммен:

  • ВВС сайтының Орыс қызметі Украинадағы соғыста қаза болған 557 ресейлік әскеридің есімін анықтады. Опат болғандар арасында 8 полковник, 9 подполковник, 20 майор, 71 кіші сержант, 448 қатардағы солдат, сержант және прапорщик бар. ​
  • Брюссельде Украинаның Еуропа одағына мүше болу өтінішін қарау басталды. "Қолдан келгенше жылдам жұмыс істеуге тырысамыз" деді ЕО көрші елдер және одақты кеңейту ісі бойынша комиссары Оливер Вархей.
  • Халықаралық шахмат федерациясы ресейлік шахматшы Сергей Карякинді алты айға жарыстардан шеттетті. Карякин Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық қолдаған еді.
19:53 21.3.2022

Ресей соты Meta компаниясын "экстремистік" деп танып, компанияның Facebook Instagram желілерін бұғаттауға ресми түрде шешім шығарды. Ресейде Facebook наурыздың басынан бері, Instagram 14 наурыздан бері бұғатталған.

19:57 21.3.2022

Украина тарабы Ресей әскерилері Харьков облысы Циркун ауылының басшысы Николай Сикаленконы тұтқынға алды деп хабарлады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG