Accessibility links

Луганск тұрғындары үрейленіп отыр

Баласын көтерген тұрғын шекарашылар мен сепаратистер атысынан қашып бара жатыр. Луганск, 2 июня 2014
Баласын көтерген тұрғын шекарашылар мен сепаратистер атысынан қашып бара жатыр. Луганск, 2 июня 2014

Шығыс Украинадағы Луганск қаласында болған соңғы шайқастан соң қала тұрғындары қауіпсіздіктеріне ешкімнің жауап бермейтінін түсінді.

Бұл қалада сепаратистер әкімшілік ғимараттарды басып алған. Талаптары – Киевтен тәуелсіздік алу.

Луганскінің көпшілік бейбіт тұрғындары соңғы екі айда болып жатқан қиян-кескі оқиғаларға араласпай, өз істерімен айналысып келген еді. Бірақ осы апта қала халқы Украина дағдарысы басталғаннан бергі ең бір ауыр шайқасты басынан өткерді. Жергілікті тұрғындар үкімет те, сепаратистер де өздеріне қорған бола алмайтынын түсінді. Жұрт енді үрейленіп, сенімсіз өмір сүре бастады.

ШЕКАРАШЫЛАРҒА ШАБУЫЛ

Луганскіде «Украина әскері қала орталығындағы сепаратистер бекінісіне шабуыл жасайды екен» деген сыбыс тарады. Маусымның 3-і күні дабыл сиренасы мұқым жұртты дүрліктірді. Кейбір мекемелер адамдарды үйіне жетіп алу үшін жұмыстан ерте қайтарды. Сепаратистер қарамағына өткен Луганск әкімдігі сайтында бомбадан пана болатын жерлердің тізімі жарияланды.

Бұған дейін, яғни маусымның 2-сі күні қала орталығындағы әкімдік ғимаратында жарылыс болған еді. Жұрт содан ес жия алмай отырғанда маусымның 3-індегі дабыл сиренасы тұрғындардың зәресін одан бетер ұшырды.

Сепаратистердің штаб-пәтеріне айналған әкімдік ғимаратындағы жарылыс түс кезінде, көпшілік көзінше болды. Бұл кезде қаланың оңтүстік бөлігінде үкімет жасағы мен сепаратистер шайқасып жатқан. Сепаратистер «ғимаратты Украина армиясы әуеден атты» десе, үкімет «зымыран атпақ болған сепаратистердің өздері жарылыс жасап алды» деген ақпарат таратты.

Қалай болғанда да, қаланың оңтүстік аумағындағы қақтығыстар бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін солдаттардың да, сепаратистердің де сақтай алмайтынын көрсетті.
Луганск қаласының аспанынан сепаратистер мен армия арасындағы атысты байқауға болады. Луганск, 3 маусым 2014 жыл.
Луганск қаласының аспанынан сепаратистер мен армия арасындағы атысты байқауға болады. Луганск, 3 маусым 2014 жыл.


Маусымның 2-сі күні жүздеген сепаратист қала шетіндегі шекарашылар базасына шабуыл жасады. Мұның кесірінен жақын маңдағы тұрғындардың үйлері қирады. Сепаратистер шекарашылардың штабын ату үшін тұрғындардың пәтеріне басып кірді, оларға қарсы шекарашылар да оқ атуға көшті. Тұрғындар үйлерінен қашып шықты.

12 сағатқа созылған шайқас кезінде сепаратистер шекарашыларды минометпен, гранатамен атқылады. Шекарашыларға Украинаның арнайы жасағы мен тікұшақтар көмекке келді. Киев «жеңіске жеттік» деп мәлімдеді. Бес сепаратист қаза тапты, үкіметтің төрт солдаты жараланды. Бірақ маусымның 4-і күні солдаттар «қауіпсіз орын» саналатын аймаққа шегінді. Ал сепаратистер олардың жұртында қалған әскери база мен оқ-дәріні иеленді.

Маусымның 4-і болған түнгі шайқаста Киев ұлттық гвардиясының Луганск маңындағы алдыңғы шептегі бекінісінен де айырылды.

«ИЕСІЗ» ҚАЛА

Қазір тұрғындар екі жақ атысқан кезде қаңғыған оқ тиіп кете ме деп қорқады. Сепаратистер қала әкімдігін сәуірдің 29-ы күні басып алғаннан бері Луганск «иесіз» қалаға айналды.

Ресми түрде сайланған мэр мен полиция бастығы қашып кетті. Азаматтық ұйымдар үн шығаруға қорықты. Осыдан соң Луганскіде сепаратистер билік жүргізе бастады. Олар қала әкімдігі мен қауіпсіздік қызметі ғимаратының қасына бекініс салып алып, соны ғана күзететін болды да, қаладағы қауіпсіздік мәселесі күрт нашарлап кетті. Сепаратистер бекіністерінен қарсыластарына шабуылдау үшін немесе оларды ұстап алу үшін ғана шығады.
Украина шекара қызметінің штабына басып кірген ресейшіл сепаратист. Луганск, 4 маусым 2014 жыл.
Украина шекара қызметінің штабына басып кірген ресейшіл сепаратист. Луганск, 4 маусым 2014 жыл.


Қаладағы тәртіпті қадағалайтын полиция ресейшілдерге ештеңе істей алмады. Тіпті сепаратистер адамдарды тапа-тал түсте ұрлап, штабтарына қамап жатқанда да көрмегенсіп отырды. Ресейшілдермен салыстырғанда полиция әлдеқайда жақсы қаруланған. Бірақ олардың дәрменсіздігінен қалада қылмыс көбейіп кетті.

Жақында Луганск ішкі істер министрлігі қаладағы жағдайды бақылай алмайтындарын мәлімдеді. Полиция көлік ұрлау мен банк курьерлеріне шабуыл жасау сияқты қылмыстардың жиілегенін айтады. Қарулы қылмыскерлер де сепаратистер сияқты бетперде, камуфляж киіп алады.

Сепаратистер жариялаған «Луганск халық республикасы» тәртіп орнатуға тырысып, мамырдың 3-і күні қалада коменданттық сағат жариялады. Тұрғындарға түнгі он бірден таңғы алтыға дейін көшеде жүрмеу ескертілді. Бірақ коменданттық сағатқа дейін де дүкендер кешкі он кездерінде жабылып, жұрт ымырт жабыла көшеге шықпауға тырысатын.

Луганск тұрғындарының бұдан ары қалай өмір сүретінін болжау қиын. Әкімдікте жарылыс болғанына қарамастан, сепаратистер оны әлі күнге штаб-пәтер ретінде пайдаланып отыр. Бірақ бұған дейін жергілікті журналистер ғимаратқа еркін кіріп, сепаратистер басшыларымен кездесіп жүрсе, енді тек арнайы шақыртумен ғана кіретін болды. Қарапайым тұрғындар әкімдік ғимаратына алыстан ғана қарай алады. Олар болашақ туралы ойлауға да қорқатын жағдайға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Украинаның шығысындағы кейбір қалалардың тұрғындары үйлерін тастап, басқа жаққа бас сауғалап кетіп жатыр

Славянскіден кетіп жатқандар

Славянскіден қашып, Нижняя Крынка қаласына барған балалы әйел. 4 маусым 2014 жыл.
1/11 Славянскіден қашып, Нижняя Крынка қаласына барған балалы әйел. 4 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Нижняя Крынка қаласына қашып келген отбасы.
2/11 Нижняя Крынка қаласына қашып келген отбасы.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Бала православ кресін тағып жатыр. Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығы. 4 маусым 2014 жыл.  
3/11 Бала православ кресін тағып жатыр. Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығы. 4 маусым 2014 жыл.  
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Тоғыз айлық балалары бар Аня Шевченко мен Сергей Смирнов та Славянскіден бассауғалап келген. Олар да Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығына орналасты. 3 маусым 2014 жыл.
4/11 Тоғыз айлық балалары бар Аня Шевченко мен Сергей Смирнов та Славянскіден бассауғалап келген. Олар да Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығына орналасты. 3 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығында ойнап жүрген балалар. 3 маусым 2014 жыл. 
5/11 Нижняя Крынка қаласындағы уақытша паналау орталығында ойнап жүрген балалар. 3 маусым 2014 жыл. 
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Славянск қаласынан ата-анасымен бірге қашып шыққан бала босқын отбасыларға уақытша берілген жатақханада тұрып жатыр. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.
6/11 Славянск қаласынан ата-анасымен бірге қашып шыққан бала босқын отбасыларға уақытша берілген жатақханада тұрып жатыр. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Славянск қаласынан ата-аналарымен бірге қашып келген балалар уақытша паналауға берілген жатақханада ойнап жүр. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.
7/11 Славянск қаласынан ата-аналарымен бірге қашып келген балалар уақытша паналауға берілген жатақханада ойнап жүр. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Уақытша паналауға берілген жатақханадағы балалар. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.
8/11 Уақытша паналауға берілген жатақханадағы балалар. Иловайск, 3 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Славянск қаласынан келген адамдар Макеев коксохимия зауытының асханасында тамақтанып отыр. Макеевка, 4 маусым 2014 жыл.
9/11 Славянск қаласынан келген адамдар Макеев коксохимия зауытының асханасында тамақтанып отыр. Макеевка, 4 маусым 2014 жыл.
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Славянскіден қашып келген адамдар Макеев коксохимия зауытының аумағында жүр.  
10/11 Славянскіден қашып келген адамдар Макеев коксохимия зауытының аумағында жүр.  
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Краматорск тұрғындары Мәскеуге баратын автобусқа отырып жатыр. 4 маусым 2014 жыл. 
11/11 Краматорск тұрғындары Мәскеуге баратын автобусқа отырып жатыр. 4 маусым 2014 жыл. 
Славянск қаласында Украина армиясы мен сепаратистер арасында ұрыс жүріп жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге бассауғалап кетуге мәжбүр.
Previous slide
Next slide

Луганск қаласы Украинаның шығыс шекарасынан 30 километр қашықтықта жатыр. Батыс елдері қалаға Ресейден қару-жарақ пен еріктілердің келіп жатқанын, Луганскінің Украинаның шығыс аймақтарындағы басқа сепаратистерге қолдау көрсету орталығына айналғанын айтады.

Мәскеу «сепаратистерге көмек көрсеткен жоқпыз» деп мәлімдесе де, шекарадағы астыртын байланысты тоқтатуға ешқандай әрекет жасамай отыр. Маусымның 4-і күні Луганск сепаратистері басып алған шекарашылар базасы осы аймақтағы Украина шекарасының күзет жүйесін басқаратын маңызды нысан еді.

(Азаттық тілшісі Влад Шевченконың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан).
Айдар
XS
SM
MD
LG