Accessibility links

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі қызметіне кіріседі

Ұлыбританияның лейбористік партиясының жаңа көшбасшысы Энди Бернем енді премьер-министр лауазымын атқарады. Лондон, 17 шілде, 2026 жыл.
Ұлыбританияның лейбористік партиясының жаңа көшбасшысы Энди Бернем енді премьер-министр лауазымын атқарады. Лондон, 17 шілде, 2026 жыл.

Дүйсенбі, 20 шілдеде Ұлыбританияның лейбористік партиясының жаңа көшбасшысы Энди Бернем елдің премьер-министрі қызметіне ресми түрде кіріседі. Бұл туралы ВВС хабарлады.

56 жастағы Бернем өткен жұма күні партия лидері болып сайланып, соған дейін осы қызметте болған Кир Стармерді алмастырды.

Бұрыннан қалыптасқан дәстүрге сай, билікті тапсыру рәсімі аясында Кир Стармер Букингем сарайында британ королі ІІІ Чарльзге отставкаға кету туралы өтінішін береді. Содан кейін король лейбористер лидері Энди Бернемге жаңа үкіметті жасақтауды тапсырады.

Энди Бернем Ұлыбритания тарихындағы 59-премьер-министр болмақ. Кейінгі он жылда Ұлыбританияда жеті премьер-министр ауысқан, оның бесеуі кейінгі төрт жылда ауысты.

Букингем сарайынан кейін Бернем үкімет үйі орналасқан Даунинг-стритке барып, премьер-министр лауазымындағы алғашқы мәлімдемесін жасап, үкіметтің негізгі басымдықтарын таныстырмақ.

Айдар
XS
SM
MD
LG