ҰҚК "ҚТЖ-жүк тасымалы" компаниясының бұрынғы бас директоры ұсталғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 27 қараша кешке "ҚТЖ-жүк тасымалы" компаниясының бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов, атқарушы директоры – сатып алумен қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембайдың ұсталғанын растады.

Ведомствоның хабарлауынша, олар "жемқорлық күдігімен" 9-10 қараша күндері ұсталған. 11-12 қараша күндері сот оларды 2 айға қамауға рұқсат берген.

"Қазіргі кезде істің жай-жапсарын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр" деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

11 қарашада ҰҚК "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиев және аты-жөні аталмаған өзге де адамдарды жемқорлық күдігімен ұстағаны бір күннен кейін белгілі болды. 14 қарашада тергеу соты оларды тұтқындау туралы шешім шығарды.

23 қарашада ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен бірнеше адамды ұстаған еді.

​
XS
SM
MD
LG