Accessibility links

Falcon Heavy - ең ауыр зымыран тасығыш

Америкалық Space X компаниясының иесі Илон Маск Falcon Heavy ауыр зымыран тасығышын ғарышқа ұшырды. Зымыран тасығыш 6 ақпан күні Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі Кеннеди космодромынан Жер мен Марс арасындағы орбитаға ұшырылды. Falcon Heavy әлемдегі ең қуатты және ең көп жүк көтеретін зымыран саналады.

Falcon Heavy Жердің жақын орбитасына 64 тоннаға дейін жүк жеткізе алады. Бұл масса «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізетін жүктен (23 тонна) үш есеге жуық көп. Былтыр наурыз айында Falcon 9 зымыран тасығышының алғашқы басқышы ғарышқа сәтті ұшырылғаны жария болған. Ал былтыр мамыр айында SpaceX Falcon Heavy ауыр зымыран тасығышының орталық блогын сынақтан өткізілген. АҚШ, Флорида штаты. 6 ақпан, 2018 жыл.


XS
SM
MD
LG