Тамыздың 17-і таңертең Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өзбестанға ресми сапармен ұшып келді деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. Оны Ташкенттегі халықаралық әуежайда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қарсы алған. Эмомали Рахмон қаладағы Тәуелсіздік алаңына барып, тәуелсіздік және гуманизм ескерткішіне гүл қойған. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, бұл Рахмонның Өзбекстанға 20 жыл ішінде жасаған алғашқы сапары.