Өзбекстанда жыл сайын мақта терімі басталғанда билік орындары жас пен кәріні, әртүрлі мамандық иелерін тегіс мәжбүрлеп, мақта алқабына жұмыс істеуге шығарады. Жасы 18-ге толмағандарды мұндай жұмысқа салуға ресми түрде тыйым салынғанымен, мектеп оқушылары ересек адамдармен бірдей еңбек етіп мақта тереді. Мақта жинап жүргендер арасында зейнеткерлер де кездеседі. Жылдың бұл мезгілінде Өзбекстанда кейбір емханалар жабылады – дәрігерлер мен медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер де мақта теруге жіберіледі. Суреттерді Азаттықтың Өзбек қызметі түсірген.
Өзбекстан: мақта алқабындағы бала мен қария еңбегі

1
Ташкент облысында мақта алқабында жұмыс істеп жүрген бала. Балаларды жұмысқа жегуге ресми түрде тыйым салынғанымен, іс жүзінде Өзбекстанда бала еңбегін пайдалану тиылған емес.

2
Жұмыс берушілердің көпшілігі өз қызметкерлерін мәжбүрлі түрде мақта алқабына жұмыс істеуге жібереді. Медицина мамандықтары бойынша білім алатын студенттер «отанға көмек көрсету үшін өз еріктерімен» мақта теруге баратындары туралы құжатқа қол қоюға мәжбүр болғандарын айтады.

3

4
Мақта алқабындағы мәжбүрлі еңбекке зейнеткерлерді де жұмылдырады.

5
Құқыққорғаушылар мақта терімі кезінде азаматтарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салатын Өзбекстан билігін бұрыннан сынап келеді.

6

7

8
Самарқанд облысында мақта теріп жүрген дәрігер мамандар.

9

10

11