Accessibility links

Өзбекстан билігі поп-музыканы қудалауға көшті


«Уммон» тобының клипінен алынған скриншот.
«Уммон» тобының клипінен алынған скриншот.

Өзбекстанның мәдениет және спорт министрлігі «талғамсыз поп-музыкаға», «отанын мадақтамайтын» эстрада әншілеріне тыйым салатынын мәлімдеді.

Жақында Өзбекстанның мәдениет және спорт министрлігі эстрада әндерінің сапасы туралы мәлімдеме жасады. Министрлік өзінің сайты арқылы маусымның 19-ы күні «отанды мадақтамайтын», «мағынасыз» өлеңдерге тыйым салынатынын жариялады.

Онда «Манго» және «Уммон» топтарының, Дильфуз Рахимованың, Отабек Муталхужаевтың, Дильшод Рахмоновтың әндерінің «сөзі мен музыкасы мағынасыз екені» жазылған.

Бұл әншілер министрлік берген лицензияларынан айырылды. Онсыз Өзбекстанда жұрт алдына шығып, ән айтуға болмайды.

Министрлік сайтында «Олардың әндері еліміздің мәдени дәстүрлеріне сәйкес келмейді. Рухани мұрамыз бен менталитетімізге қайшы. Отанымызды, халқымызды, оның бақытын жырлауды ұмытпауымыз керек» деп жазылған.

Бұдан басқа 7 әншіге «қатаң сөгіс» жарияланған, оларға шілденің 1-іне дейін «шығармашылық қателіктерін» түзеуге уақыт берілді.

Бұл сөгіс пен тыйым Өзбекстанның авторитарлық басшысы Ислам Каримовтың қызы, эстрадада «Гугуша» деп аталатын Гүлнара Каримоваға қарсы жарияланбайтыны екібастан белгілі. Ол соңғы клипінде ұстамсыз қимылдар жасап отырған жартылай жалаңаш еркектің алдында билеп тұр:



«Манго» және «Уммон» топтарына, жоғарыда аты аталған басқа да әншілерге енді биліктің тілін табу керек. Олай етпесе, режимге ұнамағандары үшін олардың түрмеге қамалуы да ғажап емес. Мәселен, 2006 жылы халық әншісі Дадахон Хасанов 2005 жылғы халық көтерілісі (Әндіжан оқиғасы) туралы ән шығарғаны үшін үш жыл түрмеге қамалды, оған Өзбекстанда ән айтуға тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG