Accessibility links

Ташкент қазақтары: Паркенттегі көкпар

Азаттық "Ташкент қазақтары" сериясы бойынша Паркент қаласында 21 қаңтарда өткен көкпар туралы фоторепортажын ұсынады. Суреттерді түсірген - Умида Ахмедова.

Ташкенттен солтүстік-шығысқа қарай елу шақты шақырым жерде тұрған Паркент қаласында елу мыңға жуық адам тұрады. Бұл тарихи шаһар ғасырлар бойы аймақтағы маңызды сауда орталығы болып келген. Орта ғасырлардан бері бұл аймаққа Хорезм Шах, Шыңғыс хан ұрпақтары, Әмір Темір, Шейбани ұрпақтары, Қалдан Серен мен Қазақ хандары билік еткен. 20 ғасырда Паркент Қоқан хандығынан әуелі патшалық Ресейдің, кейін Совет Одағының иелігіне өтеді. Өзбек, тәжік, қазақ пен қырғыз аралас тұратын ауданның қазақ ауылдары ежелгі салтына сай көкпар ұйымдастырады. Бұл аймақта көкпарды "ұлақ" (лақ тарту) деп атайды. 21 қаңтарда Паркентте өткен көкпарға Ташкент облысының барлық аудандарынан көкпаршылар қатысты.

Пікірлерді көріңіз (3)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG