Accessibility links

Қыркүйектің 27-сінде Стамбулдан ұшып келген бетте Ташкент халықаралық әуежайында ұсталған өзбек жазушысы Нурулло Отаханов қамаудан шықты.

Қазанның 1-і күні жазушының баласы Файзулло Ташкент қаласы Яшнабад аудандық ішкі істер бөлімі бастығы әкесін қызмет көлігімен үйінің есігінің алдына дейін жеткізіп тастағанын әкесінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. «Қуанышты хабар!!! Қазір ғана үйдегілер хабарласып, сүйінші сұраді. Әкемді қолына кісен салып әуежайдан милиция бөліміне алып кеткен Яшнабад аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы оны Ташкент түрмесінен үйіміздің тура алдына дейін жеткізіп тастапты. Қазір біздің үйде үлкен қуаныш! Көп ұзамай әкемнің өзі мәлімдеме жасайды» деп жазған.

Файзулло Отаханов «әкемнің ісі ары қарай не болатыны әзірше белгісіз, құқық қорғау органы қызметкерлері оған қатысты ештеңе айтқан жоқ» деп жазған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жазушыны түрмеден босатқаны жайлы ақпаратты Ташкенттің қалалық ішкі істер басқармасы да растаған.

«Өзбекстанның конституциялық құрылымына қауіп төндірмек болды» деп айып тағылған жазушының ісіне қатысты тергеу барысы жайлы еш хабар жоқ.

63 жастағы белгілі жазушы, "Нурулло Мухаммад Рауфхон" деген әдеби лақап есімімен танылған Нурулло Отахановты Түркияда екі жыл өз еркімен қуғында болып, биыл 27 қыркүйекте Ташкенттің халықаралық әуежайында Стамбулдан ұшып келген бетте ұсталған.

Отахановтың үстінен 159-бап («Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылымына қатер төндіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, тергеу басқармасының бастығы Дониёр Ташходжаев

Нурулло Отаханов – президент Шавкат Мирзияев шетелде тұрып жатқан отандастарын елге оралуға шақырып, Нью-Йоркте мәлімдеме жасағаннан кейін Өзбекстанға оралуға бел буған алғашқы өзбек диссиденті.

Өткен аптада Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, тергеу басқармасының бастығы Дониёр Ташходжаев журналистерге биыл 11 мамырда Отахановтың үстінен 159-бап («Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылымына қатер төндіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлаған. Оның сөзінше, әлгі іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, Отахановқа 159-баптың 1-бөлімі және 244-1-бөлімінің 3 «г» тармағы («Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін материалдарды әзірлеу, сақтау, тарату және жариялау») бойынша сырттай айып тағылған. Отахановқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленіп, оған іздеу жарияланған.

Өзбек жазушысы Нурулло Отаханов.
Өзбек жазушысы Нурулло Отаханов.

Жазушыны қуалалауға Түркияда шыққан «Осы күндер» («Бу кунлар») кітабы себеп болған. Жазушы ол кітабындаӨзбекстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуын, елдің алғашқы президенті Ислам Каримов құрған режим мен Өзбекстанда қалыптастырған авторитарлық билігін сынайды. Өзбекстан үкімет жанындағы дін істері комитеті кітапты «экстремистік мазмұндағы кітап» деп таныған.

Нурулло Отаханов қамалғаннан кейін өзбек интеллигенциясы өкілдері ресми Ташкентті жазушыны қудалауды тоқтатуға шақырып, оған араша түскен. Facebook желісінде әлемнің түрлі елдерінде тұратын жүздеген адам президент Шавкат Мирзияевке ашық хат жариялап, Отахановты бостандыққа шығаруға шақырған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы өзбектің диссидент жазушысы Нурилло Отахановты ұстауға қатысты алаңдаушылық білдіріп, Өзбекстан билігін кінәсі дәлелденбеуіне байланысты және адам құқығы саласында алған халықаралық міндеттемелері мен азаматтардың ой-пікірін білдіру еркіндігіне берген кепілдіктерін орындап, жазушы Отахановты босатуға шақырған.

Нурулло Отаханов Ташкент түрмесінен босағаннан кейін Азаттық тілшісімен сөйлесіп, көп ұзамай сұхбат беруге уәде етті.

Азаттықтың Өзбек қызметінің мақаласы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG