Accessibility links

Верный бекінісінің орны

Алматы қаласының тарихында Верный бекінісі ерекше орын алады. Бір кездегі әскери бекіністен біртіндеп қалашық пайда болған жерде қазір Алматы қаласы орналасқан.

Заң жүзінде бұл жер жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескеткіш ретінде мемлекеттің қорғауында саналады. Алайда қазір ол аянышты күйге түскен. Алматылық журналист Андрей Свиридовтың пікірінше, Санкт-Петербург үшін Петропавл бекінісі, Лондон үшін Тауэр немесе Нью-Дели үшін Қызыл форт қаншалықты маңызды болса, Алматы үшін Верный бекінісінің маңызы да солардан кем емес. Наурыздың 25-і күні Азаттық тілшісі Верный бекінісінің жұртында болып, қазіргі күйін көрді.
Түгел оқыңыз

1853 жылғы шілденің 12-і күні патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарына пристав етіп жіберген майор М.Д.Перемышльский қарамағындағы бірнеше жүз сарбаздан тұратын топпен Іле өзенінің арғы бетінен бекініс салатын қоныс іздеу туралы Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығын алады. Шілде-тамыз айларында Іле Алатауының теріскей беткейін зерттеген Перемышльский тобы Кіші Алматы өзенінің сол жағалауында орналасқан Алматы шатқалы бекініс салуға лайық деген ұйғарым жасайды. Әскери бекініс құрылысы 1854 жылы көктемде басталған. Ресей патшасы бірінші Николай жаңа бекіністің Верное деген атауын бекітеді. Суретте: бұрынғы бекініс орны тұсынан ағып жатқан  Кіші Алматы өзені.
1

1858 жылғы картада Верное бекінісінің орны көрсетілген. Ол казактардың екі станицасы мен Ташкент ауылы (кейін – Татар ауылы немесе Татарка) арасында орналасқан. 1855 жылдың бас кезінде салынған уақытша бекіністе бөренеден тұрғызылған бірнеше үй болған. Айналасына дуал қорған соғылып, оның алдынан ор қазылған.
2

Орыс саяхатшысы Петр Семенов (тарихта Семенов-Тянь-Шанский деген есімімен қалды) алғаш рет Верное бекінісіне 1856 жылғы қыркүйекте келген. Оның суреттеуінше, бекіністе сол кезде Ұлы жүз приставының асығыс тұрғызылған шағын үйінен басқа үйлер болмаған. 1857 жылы қайта келгенде саяхатшы Верное бекінісінің өзгеріп кеткеніне куә болған. «Верное 1856 жылғы кейпінен анағұрлым әдемірек көрінісімен мені таңғалдырды. Жаңа бекіністің барлық үйлері салынып бітіп қалыпты, Ұлы жүз приставы үйінің жанында жаңадан бақ отырғызылған; бұл қазір гүлденіп, жасыл желек жамылып тұрған Верный қаласы орналасқан тау бөктеріндегі алғашқы ағаштар еді». 1857 жылы Семеновпен бірге экспедиция құрамында суретші Павел Кошаров та болған. Ол салған суреттердің бірі «Верный бекінісіндегі алаң» деп аталады.
3

Верный бекінісі патша заманында да, совет кезінде де әскери нысан саналғанымен онда ешқашан шайқас болмаған. Бекіністің солтүстігі мен батыс жағында топырақтан тұрғызылған дуалдардың кей бөлігі (суретте ) біздің заманымызға дейін жеткен. Өткен ғасырдың 80-жылдары осы жерде қызмет атқарғандардың айтуынша, үйілген топырақты қазған кезде оның астынан ат тағалары, жапон өнеркәсібі шығарған қару оқтары табылған. СССР ыдырағаннан кейін бұрынғы Верный бекінісінің территориясына Қазақстан қорғаныс министрлігіне қарайтын «Қолдау» кәсіпорны өкілдігі иелік еткен. Бірақ кейін әлдебір жолмен жеке меншікке өтіп кеткен.
4

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG