Accessibility links

Вышиванка киген Путин мен өзге президенттер

Вышиванка киген ТМД елдерінің президенттері. Құрманбек Бакиевтің кітабындағы сурет.
Вышиванка киген ТМД елдерінің президенттері. Құрманбек Бакиевтің кітабындағы сурет.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жаңа кітабында 2006 жылы өткен ТМД елдері басшыларының қызықты суреті жарияланған.

Беларус фотографы Сергей Гриц Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің жаңа кітабында шыққан фотосуреттерді жариялады.

Кітаптағы сурет жайлы фотограф Сергей Гриц Facebook-тегі парақшасында: «Құрманбек Бакиевтің «Менің Қырғызстаным: жан жарам, махаббатым әрі үмітім» кітабында мұндай екі фотосурет бар. Олардың үстіне не кигені, суреттің қайда және қашан түсірілгені айтылмаған. Өзіңіз аңғарыңыз» деп жазған.

Фотосуреттер 2006 жылы түсірілген – сол жылы Минск түбіндегі Силичиде ТМД елдері президенттерінің «галстуксіз жиыны» өткен болатын:

2010 жылғы сәуір төңкерісінен соң елден қашқан Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев Беларус елінен баспана тауып, қазір сонда тұрып жатыр.

Шығыс славян халықтарында ұлттық ою-өрнекпен кестелеп тігілген жейде вышиванка деп аталады. Соңғы кездері ұлттық киімнің бұл түрі әсіресе Украина мен Беларус елдерінде жиі назарға шалынады. Украинада Майдан оқиғасы мен Қырым аннексиясынан соң вышиванка халық арасында ұлт бірлігінің нышаны іспеттес мәнге ие болды. Ал Ресей аннекиялап алған Қырымда биыл мамыр айында украиналық өрнек салынған жейде киіп, Вышиванка күнін атап өтуге көшеге шыққан белсенділерді полиция ұстаған еді.

Украин кестесі туралы фотогалерея:

Украин кестесінің көрмесі

Киевтегі Сән апталығында көрсетілген киім үлгілерін жеке коллекционерлер мен мұражайлар ұсынды.
1/12 Киевтегі Сән апталығында көрсетілген киім үлгілерін жеке коллекционерлер мен мұражайлар ұсынды.
Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Археологтар тапқан ең көне кестелер біздің дәуірімізге дейінгі 6-5 ғасырларға тән. Алайда кесте өнері тек 19-ғасырдың басына қарай нақты дизайнға ие болды.
2/12 Археологтар тапқан ең көне кестелер біздің дәуірімізге дейінгі 6-5 ғасырларға тән. Алайда кесте өнері тек 19-ғасырдың басына қарай нақты дизайнға ие болды.
Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Ұзақ жылдар бойы кестедегі белгілердің мағынасы өзгергенімен, абстрактілік, өсімдік, жануарлар тақырыбы сол қалпы сақталды.
3/12 Ұзақ жылдар бойы кестедегі белгілердің мағынасы өзгергенімен, абстрактілік, өсімдік, жануарлар тақырыбы сол қалпы сақталды.
Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Оюлардың түр-түсі әр аймақта ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келді.
4/12 Оюлардың түр-түсі әр аймақта ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келді.
Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Мәселен, Харьков облысынан келген кестелерге түрлі түсті реңк пен ірілеу жіптер тән. Мұндай суреттер рельефті болып көрінеді.

5/12 Мәселен, Харьков облысынан келген кестелерге түрлі түсті реңк пен ірілеу жіптер тән. Мұндай суреттер рельефті болып көрінеді.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Львов обласынан жеткен кестелерге фоны өзгеріссіз қалатын геометриялық "жеңіл" суреттер тән.

6/12 Львов обласынан жеткен кестелерге фоны өзгеріссіз қалатын геометриялық "жеңіл" суреттер тән.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Подольск кестелерінің тігістері сан түрлі және бояулары ашық болып келеді. Қара жіп қызыл, сары немесе көк түстермен кестеленетін негіз ретінде алынады.

7/12 Подольск кестелерінің тігістері сан түрлі және бояулары ашық болып келеді. Қара жіп қызыл, сары немесе көк түстермен кестеленетін негіз ретінде алынады.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Тернополь облысында жеңді бойлай тігілетін геометриялық өрнектер кең таралған.

8/12 Тернополь облысында жеңді бойлай тігілетін геометриялық өрнектер кең таралған.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Киев облысында жүзім, құлмақ гүлі, ромб пен төртбұрыштардың гүлді-геометриялық кестелері жиі кездеседі. Қолданылатын негізгі бояу түрлері - ақ, ал қызыл мен қара түстер.
9/12 Киев облысында жүзім, құлмақ гүлі, ромб пен төртбұрыштардың гүлді-геометриялық кестелері жиі кездеседі. Қолданылатын негізгі бояу түрлері - ақ, ал қызыл мен қара түстер.
Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Кейбір Украина тұрғындары жейдеге тігілген өрнектерге тұмар ретінде қарайды. Олар өрнектелген жейденің жын-шайтаннан қорғайтынына сенеді.

10/12 Кейбір Украина тұрғындары жейдеге тігілген өрнектерге тұмар ретінде қарайды. Олар өрнектелген жейденің жын-шайтаннан қорғайтынына сенеді.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Бүгінде кестелер тек ұлттық мақтаныш емес, сән атрибутына да айналған. Көп ретте украиндар кәдімгі футболкалардың орнына кестелі жейде киеді.

11/12 Бүгінде кестелер тек ұлттық мақтаныш емес, сән атрибутына да айналған. Көп ретте украиндар кәдімгі футболкалардың орнына кестелі жейде киеді.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Кесте - украин халқының бірлігінің белгісі іспеттес.

12/12 Кесте - украин халқының бірлігінің белгісі іспеттес.

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.
Previous slide
Next slide

Азаттықтың «Осы шақ» бағдарламасының репортажы.

Айдар
XS
SM
MD
LG