Балалардың қолдан жасаған зергерлік бұйымдары, құттықтау хаттары, декорация элементтері, салған суреттері осы аптада Қарағандыда өткен көрмеге қойылды.
«Таңғажайып дүние» көрмесін қаладағы көркемөнер студиялары мен облыстық бейнелеу өнерінің музейі ұйымдастырды. Көрмеге осы студиялардың 16-ға толмаған шәкірттері мен олардың ұстаздары қатысты.
Көрмеге балалар өздері жасаған зергерлік бұйымдар, безендірілген фотоальбомдар, құттықтау хаттары мен кенепке майлы бояумен салған картиналары, акварель суреттері қойылды. Қарағанды, 2 шілде 2013 жыл.
Балалар өнерінің көрмесі

1
Қарағанды қаласындағы жеке меншік студиялардың шәкірттері салған суреттер. Бұл жерге әр жастағы балалардың картиналары ілінген. Суреттер майлы бояумен және акварельмен салынған.

2
Көрмеге қатысқан Софья Рыжкова акварельмен салған суретін көрсетіп тұр. Софья бұдан бөлек бірнеше картинасын әкелген.

3
Көрмеге келген адамдар.

4
Көрмеге келген Сергей Смирнов кейбір суреттерді ұнатып, оларды сатып алғысы келіп тұр. Әсіресе ол театрлық маскаларға қызықты.

5
Жұрт назары көбіне «Түйе» коллажына ауды. Көп адам суретке түсіріп алды. «Түйенің» қасында авторы - Диана Луценкова тұр.

6
Суреттерді қолмен сипап көруге рұқсат етілді.

7
Көрмеге балалар әкелген туындылардың көп болғаны сонша, колонналарға да суреттер ілінді.

8
Көрмеге қатысқан балалар бір-бірінің туындыларын да қарап жатты.

9
Қолдан жасалған, табиғи тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар. Оларды «Палитра» студиясының шәкірті Диана Тінікеева әкелді.

10
9 жасар Нұржан Зейтен. Ол гуашпен салған «Тату достар» атты суретінің қасында суретке түсіп тұр. Көрмеге оның үй іші түгел келген.

11
4 жасар Максим Кондратов - көрмеге қатысқан ең кішкентай өнерпаздың бірі.

12
Балалар жас суретшілердің картиналарын көріп жүр.

13
Ұйымдастырушылар көрмеге қатысқан балаларға диплом мен гүл беріп жатыр.