Accessibility links

«Сөзсіз сөз еркіндігі» көрмесі

Алматыдағы мемлекеттік мұражайда 3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне арналған «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесі өтті.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан суретшілерінің жұмыстары қойылды. Атаулы күнге арналған дәстүрлі байқауға барлығы 96 карикатура ұсынылған. Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орын алматылық суретші Николай Веревочкинге берілді. Екінші орынға тағайындалған екі сыйлықты Алматы қаласынан Игорь Кийко және Мәскеуде тұратын суретші Олег Локтев алды. Үшінші орынға белгіленген екі сыйлық – байқауға Ташкенттен қатысқан Николай Свериденко мен алматылық суретші Ибрагим Кубековке тапсырылды.

Карикатура көрмесі «Сөзсіз сөз еркіндігі» деп аталатындықтан оған қойылған суреттерге сипаттама жазылмаған.
Түгел оқыңыз

Тағы

XS
SM
MD
LG