Спутник суреттері ресейлік Wildberries қоймалары қаншалық бүлінгенін көрсетті
Vantor компаниясы жариялаған спутник суреттері Ресейдегі Wildberries қоймаларының шабуылға дейінгі және кейінгі күйін салыстыруға мүмкіндік берді. Ресейдегі ең ірі маркетплейстің кемінде 20 қоймасы шілде айының ортасынан бері украиналық дрондардың шабуылына ұшыраған.
Дейін
Кейін
1
Vantor компаниясы Wildberries-тің Волгоградтағы қоймасының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Біріншісі 14 шілдеде, екіншісі 1 тамызда – Украина шабуылынан соң түсірілген.
Дейін
Кейін
2
Wildberries-тің Электростальдағы қоймасы 16 мамыр және 5 тамыз күндері түсірілген. Бұл қойма шілденің аяғында Украина дрондарының шабуылына ұшырады. Салдарынан нысан толықтай жанып кеткен.
Дейін
Кейін
3
Симферопольдағы қойманың 22 шілде және 4 тамызда түсірілген суреттері. Vantor компаниясының кадрлары.
Дейін
Кейін
4
Краснодардағы Wildberries қоймасы спутник камерасына 21 шілде күні түскен. Көп ұзамай украин күштері бұл жерге де соққы жасады. 5 тамыздағы сурет ғимараттың қандай күйде екенін көрсетеді.
Дейін
Кейін
5
22 шілде күні Невинномыскіде түсірілген суретте Wildberries қоймасынан қалың түтін шығып жатқаны көрінеді. Суретті Еуроодақтың Copernicus Sentinel-2 спутнигі түсірген.
Дейін
Кейін
6
Planet Labs PBC компаниясы жариялаған мына суреттерден Ресейдің Самара облысындағы Новосемейкинода орналасқан Wildberries қоймасын салыстыруға болады. Бұл қоймаға украин дрондары 2 тамызда шабуылдаған.
Дейін
Кейін
7
Алексиндегі Wildberries қоймасынан шыққан түтін. Ресей, 6 тамыз. Екінші суретті 19 шілдеде, яғни шабуылға дейін Еуроодақтың Copernicus Sentinel-2 спутнигі түсірген.