Accessibility links

Орнығып қала ма, кете ме? Постсоветтік кеңістіктегі Ресей бітімгерлері

Ресей араағайындығымен 9 қарашада Армения мен Әзербайжан бітім келісіміне қол қойған соң Мәскеу бейбітшілікті бақылау үшін Таулы Қарабаққа бітімгер күштерін жіберетін болды. Ресей бітімгерлері Совет аймағындағы қақтығыс ошақтарына бұрын да жіберілген, олардың нәтижесі де әркелкі.

1992 жылы соғысты тоқтату келісімдерінің аясында Грузия мен Молдованың бөлініп кеткен аймақтары – Оңтүстік Осетия мен Приднестровьеге Ресей әскері жіберілді. 1994 жылы олар соғыс пен этностық тазалауды тоқтату үшін Грузиядан бөлінгенін жариялаған Абхазиядағы және бір бітімгер күштер құрамына кірді. Нәтиже ала-құла.

2020 жылы Ресей әскері бұл аймақтардың барлығында қалып отыр.

XS
SM
MD
LG