Accessibility links

Минскіде әскери техника көбейді, қаланың кіреберісіне пост қойылды

9 тамыз, Беларусьтегі президент сайлауы аяқталған сәтте Минскіде күзет күшейіп, қала ішінде әскери техникалар көбейді. Қаланың орталығында милициямен қатар арнайы жасақ та көп. Минскіге Брест қаласынан кіреберіс тұсқа әскери пост қойылды. Биылғы сайлау елді 26 жыл басқарып отырған Александр Лукашенко үшін қиынға соғып жатыр. Сайлау алдында елде оған қарсы наразылық күшейді. Оппозиция атынан сайлауға түсіп жатқан Светлана Тихановскаяның сайлауалды қолдау акцияларына мыңдаған адам жиналды. Мәселен, Минскідегі Тихановскаяның митингіне, еріктілер есебінше, 63 мыңдай адам жиналған. Жұрттың көбі елде өзгеріс болғанын қалайды. Лукашенко сайлау алдында саяси оппоненттерін "шетел агенттері" деп сынаған. Елде сайлау қарсаңында және сайлау күні ондаған адам ұсталды. Мемлекеттік экзит-полл нәтижесі бойынша, Лукашенко 79,9 пайыз, Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс алған.

XS
SM
MD
LG