Accessibility links

Вирус үш мың адамның өмірін алды. Жұқтырғандар 89 мыңнан асты


Covid-19. Қаңырап қалған Венеция, Ирандағы дәрі тапшылығы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны үш мыңға жетті. 2 наурыздағы дерек бойынша, вирус 89 мың адамға жұққан. Covid-19 дерті Қытайдан асып, әлем елдеріне тарап жатыр. Қазір бұл вирус 60-тан астам елде табылды.

Вирус табылған Қытайда қазірге дейін 2761 адам қаза болып, 79826 адам дертке шалдыққан. Қаза тапқандар мен жұқтырғандардың көбі вирус шыққан Ухань қаласында.

Вирустан қатты зардап шегіп жатқан Иранда да жағдай ушығып барады. 1 наурызда бұл елде 385 адам вирус жұқтырып, 11 адам көз жұмған. Ресми дерек бойынша, қазір Иранда коронавирус 987 адамнан табылып, 66 адамға жетті. Қаза болғандар арасында аятолла Әли Хаменеидің кеңесшілерінің бірі Мохаммад Мирмохаммади бар.

Сарапшылар Иранның ресми дерегіне күдік келтіріп, дертке шалдыққандар мен өлгендер саны бұдан да көп болуы мүмкін деп есептейді.

Қазақстан билігі 1 наурыздан бастап Иранға ұшатын әуе рейстерін тоқтатты. Бұдан бөлек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурызда Нұр-Сұлтанда болатын әйелдер мерекесіне арналған концерт пен шараны коронавирустан сақтану үшін өткізбейтінін жариялады. Маңғыстау облысының әкімдігі де аймақтағы ірі шараларды өткізбейтінін жеткізді.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрлігінің дерегінше, коронавирус қатты тарап жатқан елдерде 95 мың қазақстандық жүр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі

  • Қолыңызды жиі жуыңыз.
  • Көзіңізді, мұрныңызды уқаламаңыз, қолыңызды аузыңызға тигізбеңіз.
  • Жөтеліп, түшкіріп жүрген жұрттан бір-екі метр алыс жүріңіз.
  • Жөтелсеңіз, қызуыңыз көтерілсе, тыныс алу қиындаса бірден дәрігерге қаралыңыз.
  • Вирус табылған елден келсеңіз біраз уақыт үйіңізде болыңыз.
    Covid-19 вирусы қалай жұғады?
    please wait

    No media source currently available

    0:00 0:00:52 0:00

– 35 мың адам – Оңтүстік Кореяда, 40 мың адам – АҚШ-та, 5100 адам – БАӘ-де, 5 мың адам –Германияда, 3 мың адам – Ұлыбританияда, 1800 адам – Италияда, 1000 адам – Францияда жүр. Олардың көбі – студент, еңбек мигранттары, туристер, бизнесмендер және елшілік қызметкерлері мен олардың отбасылары, – деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 2 наурызда.

Министрдің сөзінше, шетелде жүрген қазақстандықтар арасында вирус жұқтырғандар жоқ. Егер бұл елдерде жағдай ушығып кетсе, Қазақстан билігі «өз азаматтарын эвакуациялау жолын қарастырады».

АҚШ-та 19 адам вирус жұқтырып, екі адам көз жұмды. 2 ақпанда Кувейтте коронавирусқа шалдыққандар 46 адамға жетті. Армения, Шотландия, Ирландия, Эквадор, Доминикан республикасы, Индонезия, Португалия, Исландия, Андорра, Чехияда да коронавирус табылды.

АҚШ-тағы әуе компаниялары сұраныстың аздығынан кейбір рейстерін тоқтатпақ. Германияның Lufthansa әуе компаниясы 24 сәуірге дейін Қытайға, 30 сәуірге дейін Иранға рейстерін шектеді. Австрияның Austrian Airlines, Бельгияның Brussels Airlines компаниясы Италияның шығысына рейстерін қысқартты.

Оңтүстік Кореяда 2 наурыздағы есеп бойынша, барлығы 4212 адам вирус жұқтырып, 22 адам қаза болды. Бұл елде коронавирус Дэгу қаласындағы шіркеуден тараған. 2 наурызда осы шіркеудің лидері жұрттан кешірім сұрады.

Оңтүстік Кореяда көшені дизенифекциялап жүрген адамдар. Сеул, 2 наурыз 2020 жыл.
Оңтүстік Кореяда көшені дизенифекциялап жүрген адамдар. Сеул, 2 наурыз 2020 жыл.

Италияда 48 сағат ішінде вирус жұқтырғандар саны екі есе көбейіп, қазір бұл елде 1100 адам дертке шалдығып, 29 адам опат болды. Елдің солтүстігіндегі қалалар мен елдімекендерде мектептер, университеттер, театрлар, музейлер, кинотеатрлар жабылды. Еуропа одағы коронавирус жағдайды «орташадан» «жоғары» деңгейге көтерді.

Жапония билігі вируспен күрес үшін 2.5 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл ел 24 шілде – 9 тамызда өтетін олимпиадаға дейін вирустың таралуын тоқтатуды көздейді.

Қазақстан медицинасы коронавирусқа дайын ба? Жұрт пікірі

Қазақстан медицинасы коронавирусқа дайын ба?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG