Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пхеньянға барып, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесті. 31 мамыр 2018 жыл.
Лавровтың Солтүстік Кореяға сапары

1
Солтүстік Корея делегациясы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Пхеньян әуежайынан күтіп алған сәт.

2
Сергей Лавров пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын кездесуі. Лавров Ким Чен Ынға шағын қобдиша сыйға тартқан. Лавров сый беріп тұрып "бұл қобдишаға құпия заттарды сақтауға болады" деп әзілдеген.

3
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Лавров Ким Чен Ынды Ресейге арнайы шақырған.

4
Лавров бастаған Ресей делегациясы Корея революция музейінің сыртында жүр. Лавров Пхеньянға осымен үшінші рет сапарлап отыр. Бұрын ол Солтүстік Кореяға 2004 және 2009 жылдары барған.

5
Лавров Ким Чен Ир мен Ким Ир Сеннің ескерткішіне гүл қойған сәт.

6
Сергей Лавров Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хомен кездесті. Лавров Пхеньянға салынған санкцияларды кезең-кезеңімен алып тастаса ғана Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесі "бір кездесумен" шешілмейді.

7
Солтүстік Корея мен Ресей делегациясының кездесуі.
ПІКІРЛЕР