Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Садуақас - алтын, Маргарита Гриценко - күміс медаль иеленді. Буэнос-Айрес, 9 қазан 2018 жыл. (Суреттер Халықаралық олимпиада комитеті және Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінен алынды).
Дзюдошы Бекарыс Садуақастың жеңісі

1
Дзюдодан ұлдар арасында 100 келіде Бекарыс Садуақас финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңді. Бекарыс финалға дейін ирандық Аболфази Бахтиариден, жартылай финалда венгриялық Зомбор Вегтен басым түскен.

2
Бекарыс Садуақастың финалда грузиялық Илья Суламанидзені жеңген сәті.

3
Бекарыс Садуақас жасөспірімдер олимпиадасының тұғырында. Ол 2017 жылы Бішкекте өткен кадеттер арасындағы (18 жасқа дейінгі спортшылар) Азия чемпионатында да жеңіске жеткен.

4
Бекарыс Садуақас қазір Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы рейтингінде 90 келі бойынша 1-орында тұр.

5
Бекарыстың жүлдесі - Қазақстанның жасөспірімдер олимпиадасында қол жеткізген алғашқы алтыны.

6
Дзюдодан қыздар арасында 78 келіде Маргарита Гриценко финалда Германия спортшысы Раффаэла Иглден жеңіліп, күміс алды.

7
Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдит Ортизді, жартылай финалда чехиялық Эстер Свободованы жеңді.

8
Гриценко (сары формада) жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде тұр.
ПІКІРЛЕР