Accessibility links

Қазақстанның 10 жүлдесі

Буэнес-Айресте (Аргентина) жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан 4 алтын, 3 күміс, 3 қоламен жалпы есепте 14-орын алды.​ Бірінші орынды Ресей (29 алтын), екінші орынды Қытай (17 алтын), үшінші орынды Жапония (15 алтын) иеленді. Орталық Азия елдерінен Өзбекстан 15-орын (4-4-6), Қырғызстан 68-орын (0-2-1) алды. Түркіменстан мен Тәжікстан жүлдесіз қалды.

XS
SM
MD
LG