Жоғалған ұшақ
Индонезия телеарналары Калимантан аралы жағалауынан табылған сынықтар мен қоқыстар Air Asia компаниясының жоғалған ұшағына тиесілі деген ақпарат таратты. Индонезия үкіметі де "теңізде қалқып жүрген заттар жоғалған ұшақтыкі екеніне сенімдіміз" деп мәлімдеді. Желтоқсанның 28-інде Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан малайзиялық Airbus A320-200 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Бортында 162 жолаушысы бар ұшақ әуеге көтерілгеннен бір сағаттан кейін Джакартамен байланыс үзілген. 30 желтоқсан 2014 жыл.