Accessibility links

Тұрғындар қару алу үшін мал-мүлкін сатқанын айтады


Ауған полициясы "Ислам мемлекеті" содырларымен соғысуға дайындалып жатыр. Ауғанстанынң Нангархар провинциясы Чапархар ауданы. 8 мамыр 2017 жыл.
Ауған полициясы "Ислам мемлекеті" содырларымен соғысуға дайындалып жатыр. Ауғанстанынң Нангархар провинциясы Чапархар ауданы. 8 мамыр 2017 жыл.

Ауғанстанның Орталық Азия елдерімен шектесетін провинцияларындағы ахуал соңғы үш жылда қиындап кетті. Шекарадағы тұрғындар содырлардан қорғану үшін қолдарына қару алған.

Аймақтағы күрделі оқиғаларды баяндап тұруға Азаттықтың Ауғанстандағы тілшісі Шамердангулы Миради көп еңбек сіңірді. Ол басын қатерге тіге жүре Ауғанстанның солтүстік-батысындағы туған өлкесіне барып, жағдайдың нашарлап кеткенін жеткізіп тұрды.

Vамыр айының басында Балх, Джоузджан және Сари-Пул провинцияларына барған Мирадидің айтуынша, солтүстік-батыс Ауғанстанда қарулы топтар көп, «Шортепа ауданының өзінде кем дегенде 10 түрлі топтар бар». Шортепа – Балх провинциясының солтүстік-батысында орналасқан, Өзбекстанмен шектесетін аудан. Бұл жерде негізінен этникалық түрікмендер тұрады, олар Мирадиге «Талибан» мен «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымының содырлары айтады.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯМЕН ШЕКАРАЛАС АУДАНДАРДЫҢ КҮЙІ

Жергілікті тұрғындар содырлардың кейбірі Орталық Азиядан келгенін айтқан. Миради Шортепада өзін жергілікті «көтеріліс» жасағының командирі деп таныстырған Абдул Менан есімді адамды жолықтырды. Содырлар туралы айтқан Менан «олар біздің ауданның өзінде кем дегенде 26 ер адамды және екі әйелді өлтірді» дейді.Менанның сөзінше, тұрғындар билікке өтініш айтқан, бірақ көмек келмеген.

– Басқа амал қалмады, мал-мүлкімізді, кілем мен сиырларымызды сатып, қару алып, шабуылға шығып жатырмыз, – дейді ол.

Үш провинцияның тұрғындарымен сөйлескен Миради көптеген аумақтарда жергілікті жасақтар құрылғанын білді. 209-корпус немесе Шахин корпусы солтүстік Ауғанстанға жауапты. 209-корпус әлі шағын, сондықтан әскери топтар Ауғанстанның солтүстігіндегі көптеген аудандарды өздеріне қаратқан. Біраз адамдар сәуірдің 22-сі күні Мазари-Шарифтегі Шахин корпусына жасалған шабуылдан 130-ден астам солдаттың қаза тапқанын айтты, содан соң тұрғындар үкіметтік күштер өздерін қорғайды деген сенімнен айрылған.

Сондықтан Менанның тобы тәрізді тұрғындардан құралған жасақтар көбейген. Мирадидің айтуынша, Арбаки сияқты топтар провинциялық астаналардан тысқары жерде әскери шаралар өткізіп жүр. Мемлекеттік бақылаудың болмауы кесірінен көптеген жағымсыз құбылыстар белең алған. Ауғанстанның солтүстік-батысында апиын өсірушілер көбейген.

Ауған қауіпсіздік күштері Гелменд провинциясында "Талибанмен" соғысып жатыр. Ауғанстан, 26 сәуір 2017 жыл.
Ауған қауіпсіздік күштері Гелменд провинциясында "Талибанмен" соғысып жатыр. Ауғанстан, 26 сәуір 2017 жыл.

БҰҰ-ның 2016 жылғы баяндамасына қарағанда, Түркіменстанмен шектесетін Бадгис провинциясы Ауғанстанның 34 провинциясы арасында апиын көкнәрін өсіру көлемі жағынан екінші орында тұр.

Миради жолықтырған адамдар «Талибан» содырларының көліктерді тоқтататынын, жергілікті халық «Даиш» деп атайтын ИМ содырлары кейбір тұрғындарды алып кеткенін немесе бастарын шапқанын айтады. «Талибан» мүшелері жергілікті тұрғындардан Түркіменстаннан келетін электр қуаты үшін ақша жинаған немесе «зекет» деп салық салған.

Мирадидің айтуынша, Ауғанстанның содырлар бақылайтын кейбір солтүстік-батыс аудандарында (оның ішінде Түркіменстанмен шектесетін аудандар да бар) қару-жарақ пен есірткі сататын базарлар пайда болған.

Жақында Тәжікстанмен шектесетін Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Кундуз және Бадахшан провинцияларындағы шайқас туралы ақпарат түсті. Солтүстік-батыс Ауғанстанда жағдай жақсармай тұр, ол туралы ресми ақпарат жоқ, Мирадидің сапары сондықтан өте маңызды.

Брюс Панниердің блогы ағылшын тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG