Accessibility links

Дик Адвокат Ресей құрамасының тізімін жариялады


Ресей құрамасының бас бапкері Дик Адвокат. Мәскеу, 18 мамыр 2010 жыл.
Ресей құрамасының бас бапкері Дик Адвокат. Мәскеу, 18 мамыр 2010 жыл.

Ресей құрамасының бас бапкері Дик Адвокат Еуро-турнирге дайындалатын 26 футболшының есімін жариялады. Тізімде Андрей Аршавин, Марат Измайлов, Артем Дзюба және Магомед Оздоевтар да бар.

Дик Адвокаттың командасы 20 мамыр күні Мәскеуде құрлық біріншілігіне ресми дайындықтарын бастайды.

Ұзақ уақыт үзілістен кейін құрамаға «Спортинг» командасының жартылай қорғаушысы Марат Измайлов (29 жаста) оралды. Бұған қоса голландиялық маман Артем Дэюба (23 жаста) «Локомотивтің» жас ойыншысы Магомед Оздевті (19 жаста) де тізімге қосыпты.

Марат Измайлов ұлттық құрама жейдесін соңғы рет 2006 жылы 7 қазанда киіп еді (Ресей-Израиль, 1:1). Бұдан кейін «Локомотивтен» «Спортингке» ауысып, биыл осы команданы құрамында Еуропа лигасының жартылай финалына шықты. Жалпы, Марат Измайлов Ресей құрамасының сапында 31 ойын өткізіп, екі гол соққан.

Ал Артем Дзюба құрамада бар болғаны бір рет ойнаған. Шабуылшы өткен жылдың қазанында Грекиямен жолдастық кездесуде алаңға шыққан (есеп – 1:1). Сондай-ақ
"Динамо-Москваның" ойыншыны Владимир Гранат (сол жақта) пен Игорь Семшов (оң жақта) "Томь" (Томск) ойыншысы Адриан Ропотанға (ортада) қарсы. Томск, 30 қазан 2011 жыл.
"Динамо-Москваның" ойыншыны Владимир Гранат (сол жақта) пен Игорь Семшов (оң жақта) "Томь" (Томск) ойыншысы Адриан Ропотанға (ортада) қарсы. Томск, 30 қазан 2011 жыл.
биылғы Ресей чемпионатында (2011/2012) 40 рет алаңға шығып, он голдың авторы атанды.

Магомед Оздоев ұлттық құрамаға алғаш рет шақырылып отыр. Ол бұрын тек жассөпірімдер мен жастар құрамасында ойнаған. Биылғы маусымда жас футболшы «Локомотивтің» нағыз екпінді ойыншысына айналды – 30 ойынға қатысып, 1 гол салды.

Ресейдің бас командасына мәскеулік «Динамоның» ойыншысы Владимир Гранат (24 жаста) та алғаш рет шақырту алды. Еуро-2004 жарысына қатысқан Роман Шаронов (35 жас) та тізімде бар. Бұл ойыншы сонау 2004 жылдың қарашасынан бері құрамаға шақырылмапты. Ал сіңірін созып алып, жарақаттанып қалған Василий Березуцкийдің құрлық біріншілігіне қатысар-қатыспасы әлі белгісіз.

Дик Адвокат құраманың «ардагерлері» саналатын Динияр Билялетдинов («Эвертоннан» «Спартакқа» ауысып келген), Дмитрий Булыкин («Аякс») және Сергей Семакты («Зенит) қатарға қоспады.

Еуро-турнирге қатысатын Ресей құрамасының кеңейтілген тізімі


Қақпашылар: Игорь Акинфеев (ЦСКА), Вячеслав Малафеев ("Зенит"), Антон Шунин ("Динамо" Москва).

Қорғаушылар: Александр Анюков ("Зенит"), Алексей Березуцкий (ЦСКА), Василий Березуцкий (ЦСКА), Сергей Игнашевич (ЦСКА), Владимир Гранат ("Динамо" Москва), Юрий Жирков ("Анжи"), Дмитрий Комбаров ("Спартак" Москва), Роман Шаронов ("Рубин"), Роман Шишкин ("Локомотив").

Жартылай қорғаушылар: Игорь Денисов ("Зенит"), Константин Зырянов ("Зенит), Роман Широков ("Зенит"), Денис Глушаков ("Локомотив"), Магомед Оздоев ("Локомотив"), Игорь Семшов ("Динамо" Москва), Марат Измайлов ("Спортинг"), Алан Дзагоев (ЦСКА).

Шабуылшылар: Андрей Аршавин ("Зенит"), Александр Кержаков ("Зенит"), Артем Дзюба ("Спартак" Москва), Александр Кокорин ("Динамо" Москва), Роман Павлюченко ("Локомотив"), Павел Погребняк ("Фулхэм").
XS
SM
MD
LG