Accessibility links

Украина құрамасының осал жері – қақпашы


Украина құрама командасының бас бапкері Олег Блохин. Киев, 21 сәуір 2011 жыл
Украина құрама командасының бас бапкері Олег Блохин. Киев, 21 сәуір 2011 жыл

Олег Блохин Еуро-турнирге қатысатын Украина құрамасының тізімін жариялады. Команда құрамында ұлттық құрамада бірде-бір мәрте ойнап көрмеген үш қақпашы және ардагерге айналған шабуылшы Андрей Шевченко бар.

Украина құрамасының бас бапкерінің алдын-ала жариялаған тізіміне енген 26 ойыншы 15-24 мамырда Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал сегіз ойыншы қосалқы құрамаға енді. Блохин украиналық «Дзеркало тижня. Україна» басылымына берген сұхбатында: «Бұл сегіз ойыншы Түркиядағы жаттығу жиынына бармайды. Бірақ ойын мәнерлерін жоғалтпай, бабында болуы керек. Кез келген уақытта құраманың жаттығуына қосылуға дайын болғаны жөн» деді.

Қосалқы тізімге енген ойыншылардың ішінде тек Александр Воловик пен Александр Ковпак ғана бұрын-соңды Украина командасының сапында алаңға шықпаған.

Тізімге кірген ойыншылардың көбі (9) – киевтік «Динамоның» футболшылары. Ал «Шахтерден» - 6, «Днепрден» - 3, «Металлистен» - 2 футболшы бар. Украиналық тағы 4 және шетелдік 2 клубтан да бір-бір ойыншы тізімге енген.
Динамо Киев командасының жанкүйерлері, 4 тамыз 2011 жыл
Динамо Киев командасының жанкүйерлері, 4 тамыз 2011 жыл

Жарақат алған «Шахтер» қорғаушысы Дмитрий Чигринский құрлық біріншілігінен тыс қалды. Бұған қоса, үш негізгі қақпашының жарақат алуына байланысты, Блохин құрамаға жаңа қақпашыларды шақырып отыр. «Металлург» қақпасын қорғайтын 25 жасар Александр Бандур – команданың нағыз дебютанты. Ол бас команданы былай қойғанда, жасөспірімдер мен жастар құрамасында да ойнамаған.

19 жасар «динамолық» Максим Коваль да Украинаның ұлттық командасында ойнамапты. Ал одан 17 жас үлкен болса да Александр Гроянов («Металлист») командада бір-ақ рет ойнаған.

Еуро-2012 жарысында украиналықтар Швеция, Франция, Англиямен бірге D тобына түскен. Чемпионат басталғанға дейін Блохин баптайтын команда үш жолдастық кездесу өткізеді - Эстония (28 мамыр), Австрия (1 маусым) және Түркия (5 маусым).

Украина командасының Еуро-турнир алдындағы құрамы:

Қақпашылар: Александр Бандура ("Металлург"), Александр Горяинов ("Металлист"), Максим Коваль ("Динамо" Киев), Андрей Пятов ("Шахтер").

Қорғаушылар: Богдан Бутко ("Ильичевец"), Александр Кучер ("Шахтер" Донецк), Виталий Мандзюк ("Днепр"), Тарас Михалик ("Динамо" Киев), Ярослав Ракицкий ("Шахтер"), Евгений Селин ("Ворскла"), Евгений Хачериди ("Динамо" Киев), Вячеслав Шевчук ("Шахтер").

Жартылай қорғаушылар: Александр Алиев ("Динамо" Киев), Денис Гармаш ("Динамо" Киев), Олег Гусев ("Динамо" Киев), Евгений Коноплянка ("Днепр"), Сергей Назаренко ("Таврия"), Руслан Ротань ("Днепр"), Тарас Степаненко ("Шахтер"), Анатолий Тимощук ("Бавария"), Андрей Ярмоленко ("Динамо" Киев).

Шабуылшылар: Андрей Воронин ("Динамо" Москва), Марко Девич ("Металлист"), Артем Милевский ("Динамо" Киев), Евгений Селезнев ("Шахтер"), Андрей Шевченко ("Динамо" Киев).

Қосалқы құрама: Роман Безус ("Ворскла"), Александр Воловик ("Металлург"), Эдмар ("Металлист"), Максим Калиниченко ("Таврия"), Александр Ковпак ("Арсенал" Киев), Артем Федецкий ("Карпаты"), Антон Шиндер ("Таврия"), Богдан Шуст ("Шахтер" Донецк).
XS
SM
MD
LG