Парижде 13 қарашада кешкісін жасалған террорлық шабуылдар салдарынан қаза тапқандар саны 129 адамға жетті. Терактілерде жараланған 300-ден аса адамның жүзге жуығы ауыр халде жатқаны хабарланды. Әлем елдерінің лидерлері бұл шабуылдарды қатаң айыптап, Францияға қолдау білдірді. Әлем халықтары Франция елінің қайғысына ортақтасып, терактілерде құрбан болғандарды еске алды.
Әлем елдері Франциямен бірге аза тұтады

1
Париждегі терактілер құрбандарын аза тұту белгісі ретінде Эйфель мұнарасының жарығы сөнді. 14 қараша 2015 жыл.

2
Парижде 13 қарашада террорлық шабуыл жасалған көпшілік орындардың бірінде құрбандардың құрметіне қойылған гүлдер. 14 қараша 2015 жыл.

3
Париждегі террорлық шабуылдардың құрбаны болған бейбіт тұрғандар қазасына көңіл айтып, Франция консулдығына гүл қоюға келген адамдар. Алматы, 14 қараша 2015 жыл.

4
Париждегі террорлық шабуылдардан көп адамның қаза табуына байланысты Астанадағы Франция елшілігіне адамдар алып келген гүлдер мен жазулар. 14 қараша 2015 жыл.

5
Қырғызстандағы Франция елшілігі алдына қойылған гүлдер. Бішкек, 14 қараша 2015 жыл.

6
Армения тұрғындары Франция астанасында қайғылы қазаға ұшырағандардың құрметіне Еревандағы алаңға жиналып, шырақ жақты. 14 қараша 2015 жыл.

8
Мексика парламенті сенатының ғимараты Франция ұлттық туының түсіне еніп тұр. Мехико, 13 қараша 2015 жыл.

9
Тегерандағы француз елшілігіне Париждегі террорлық шабуылдар құрбандары құрметіне әкелінген гүлдер мен шырақтардың жанында тұрған әйел. Плакатта ағылшын тілінде «Біз біргеміз» деп жазылған. Иран, 14 қараша 2015 жыл.

10
Македония археология музейі мен Конституциялық сот ғимараттары Франция туының түсіне енді. Скопье, 14 қараша 2015 жыл.

11
Польша азаматтары Варшавадағы Франция елшілігі алдына гүлдер мен шырақтар қойып жатыр. 14 қараша 2015 жыл.

12
Сидней опера театрының ғимараты Франция ұлттық туындағыдай үш түске енді. Австралия, 14 қараша 2015 жыл.

13
Берлиндегі Франция елшілігі қасында гүл қойып отырған әйел. Германия, 14 қараша 2015 жыл.

14
Париждегі террорлық шабуылдарды айыптаған акцияға қатысушылар «Терроризмге бірге қарсы тұрамыз» деген жазу ұстап тұр. Милан, Италия, 14 қараша 2015 жыл.

15
Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратының штилі Франция туының түсіне еніп тұр. АҚШ, 13 қараша 2015 жыл.

16
Минскідегі Франция елшілігі алдына гүл қойып жатқан адамдар. Беларус, 14 қараша 2015 жыл.

17
Минскідегі Франция елшілігі алдына жергілікті тұрғындар әкелген гүлдер мен шырақтар. Беларус, 14 қараша 2015 жыл.

18
Париждегі терактілер құрбандарын еске алуға жиналған адамдар «Қорқыта алмайсыңдар!» деген жазу ұстап тұр. 14 қараша 2015 жыл.