Accessibility links

Украинада "Еуромайдан" акциялары жалғасып жатыр


Еуропа Одағымен интеграцияны жақтаушылардың наразылығы. Киев, 29 қараша 2013 жыл.
Еуропа Одағымен интеграцияны жақтаушылардың наразылығы. Киев, 29 қараша 2013 жыл.
Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Еуропа Одағымен (ЕО) интеграцияны жақтаушылардың наразылығы жалғасып жатыр.

Украинаның бірнеше қаласында өтіп жатқан, "Еуромайдан" деп аталатын акцияға қатысушылар Киевтегі Еуропа алаңынан елдің Польшамен шекарасына дейін созылатын тізбек құруды жоспарлап отыр. Ол үшін кем дегенде 500 мың адам бір-бірімен қол ұстасып тұрулары қажет.

Алдағы жексенбіде Киевте украин билігінің ЕО-мен ассоциация келісіміне дайындықтан бас тарту шешіміне қарсы мыңдаған адам қатысатын жаңа шерулер өтеді деп жоспарланған.

Оппозиция үкімет үйін қоршап, премьер Николай Азаровтың үкіметін отставкаға кетіруді көздеп отыр.

Жұмаға қараған түні жүздеген адам Киевтегі алаңда түнеп шықты. Шерушілер полициямен қақтығысқа барған жоқ.

28 қарашада Вильнюсте басталған ЕО "Шығыс ынтымақтастығының" саммитінде ЕО өкілдері Киевті ассоциация келісіміне қол қоюға шақырған. Бірақ ресми Киев ұстанымын әзірге өзгерткен жоқ.

Украинаның ЕО-мен еркін сауда айналымы және саяси ассоциация туралы келісімге қол қоюы Вильнюстегі саммиттің басты оқиғасы болуы тиіс еді. Бірақ Киев 21 қарашада "экономикалық жағдайдың қиындығы" және "Ресеймен сауда байланыстарының нашарлап кеткенін" айтып, Еуроодақпен келісімге дайындықтан бас тартқан. Содан бері Украинада билік шешіміне наразылық акциялары жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG