Accessibility links

Царнаев ісінде бұрынғы шешен содыры да аталды


Ағайынды Царнаевтардың Бостонда жарылыс болған күні видео камераға түсіп қалған бейнелері. Суретті ФБР 2013 жылы 18 сәуірде жариялаған.
Ағайынды Царнаевтардың Бостонда жарылыс болған күні видео камераға түсіп қалған бейнелері. Суретті ФБР 2013 жылы 18 сәуірде жариялаған.

Тамерлан Царнаевтың АҚШ-та тұратын Муса Хаджимурадов есімді бұрынғы шешен содырымен араласқаны белгілі болды. Хаджимурадов кезінде Ахмед Закаевқа жақын адамдардың бірі болған.

ФБР агенттері АҚШ-та шешен эмигранттарының бірінің үйін тінтті. Ол адам – Бостон оқиғасынан бір айдай уақыт бұрын Тамерлан Царнаевпен сөйлескен Муса Хаджимурадов.

Ағайында Джохар (19 жаста) және Тамерлан (26 жаста) Царнаевтар Бостонда 15 мамырда болған (үш адам көз жұмып, 260-тай адам жараланған) жарылысқа қатысты күдікке ілінген еді. Тамерлан Царнаев 19 сәуірде полициямен атыста қайтыс болған, ал Джохар Царнаев тірідей қолға түскен.

ФБР тексерген үйдің иесі Муса Хаджимурадов шешен сепаратистік қозғалысы басшыларының бірі, қазір Лондонда тұратын Ахмед Закаевқа жақын адам болған.

Муса Хаджимурадов Шешенстаннан АҚШ-қа 2004 жылы, БҰҰ-ның куәгерлерді қорғау бағдарламасы бойынша көшіп барған. Ол Нью-Гемпшир штатының Манчестер қаласында тұрады. 2001 жылы Шешенстанда оқтан жараланып, белінен төмен сал болып қалған Хаджимурадов қазір мүгедектер арбасымен жүреді.
ФБР тексерген үйдің иесі Муса Хаджимурадов шешен сепаратистік қозғалысы басшыларының бірі, қазір Лондонда тұратын Ахмед Закаевқа жақын адам болған.

Хаджимурадовтың үйін тінткен ФБР агенттері оның ДНК үлгісін алып, саусақ табын түсіріп, компьютерінің қатқыл дискісін тәркілеген. Оның айтуынша, ФБР өзімен Бостондағы жарылысқа байланысты 29 сәуірде сөйлескен, содан бері ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері хабарласып отыр.

– Олар (ФБР агенттері – ред.) Царнаевтың осында, Нью-Гемпширде екі-үш рет мылтық атып жаттыққанын айтады. Фейерверк пен атысқа керек-жарақты да осы Нью-Гемпширден алған. Шабуылдан үш-төрт күн бұрын үйіме келіп кеткен. Менің ойымша, олар (ФБР – ред.) оны (Тамерлан Царнаевты – ред.) Нью-Гемпширге менен көмек сұрап келді деп ойлайтын сияқты, – дейді Муса Хаджимурадов.

ФБР шешен эмигрантының үйін 14 мамырда тінткен. Агенттер Муса Хаджимурадовтан Тамерлан Царнаевтың Манчестерде алыстағы нысананы атып
ФБР сотқа "Джохар Царнаевтың рюкзагынан табылды" деп көрсеткен фейерверк қорабы. 1 мамыр 2013 жыл.
ФБР сотқа "Джохар Царнаевтың рюкзагынан табылды" деп көрсеткен фейерверк қорабы. 1 мамыр 2013 жыл.
жаттығып жүрген сәті бейнеленген видео туралы, жарылғышқа қолданылуы мүмкін фейерверк жайлы сұраған.

Тергеушілер Бостондағы жарылыс болған жерден Тамерлан Царнаев 6 ақпан күні Нью-Гемпшир штатының Сибрук қаласынан 200 долларға сатып алған фейерверкінің белгісі табылғанын айтқан еді..

Муса Хаджимурадов Тамерлан Царнаевты алғаш 2006 жылы Бостондағы шешен диаспорасының жыл сайын өтетін жиынында жолықтырғанын айтады. Бұдан кейін Царнаев Хаджимурадовтың үйінде үш рет (соңғы жолы әйелі Кэтрин және баласымен бірге) қонақ болған.

– Ол менімен ешқашан діни, не саяси тақырыпта әңгімелескен емес. Соңғы үш жылда оны үш рет қана көрдім, – дейді Муса Хаджимурадов.
Ол менімен ешқашан діни, не саяси тақырыпта әңгімелескен емес. Соңғы үш жылда оны үш рет қана көрдім.

Ол Тамерлан Царнаевпен ислам діні жайында да, Шешенстанның Ресейден тәуелсіздік алуы туралы да, саясат жөнінде де мүлдем сөйлеспегенін айтты.

Бостондағы жарылысқа күдікті ағайынды Царнаевтардың ісіне байланысты қазақстандық екі азамат – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев та қамалды. ФБР «олар Бостондағы жарылысқа байланысты тергеу ісіне кедергі келтірді» дейді.

19 жастағы Джохар Царнаевпен (ол қазір ауруханадан түрмеге ауыстырылды) бірге оқыған Тәжаяқов пен Қадырбаев «Царнаевтарға қарсы кейбір айғақтарды жоюға қатысы бар» деген күдікке ілінгенін Азаттық бұған дейін де жазған еді.
XS
SM
MD
LG