Accessibility links

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы референдум учаскесіне дауыс беруге келді. 15 наурыз, 2026 жыл.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы референдум учаскесіне дауыс беруге келді. 15 наурыз, 2026 жыл.

live Назарбаев: Тоқаевты кезінде дұрыс таңдадым және ол таңдауым өзгермейді

Астанада Назарбаев пен Тоқаев дауыс берді. Полиция референдум учаскесінен журналистерді ұстап әкетті. Дауыс бергендер арасында Ақтөбе белсенді.

Астанада полиция референдум учаскесінен Азаттық тілшісін ұстап әкетті.

10:47

Ақпарат министрі Аида Балаева жобадағы сөз еркіндігін шектейтін жайттар туралы не айтты?

"Жаңа Конституция жобасында сөз еркіндігіне кепілдік берілетіні айтылған. Бірақ сонымен бірге кейде шектелетін жағдайлар да келтірілген. Мұны Конституцияға қосудың қандай қажеті болды? Онсыз да өзге де нормативтік актілермен реттелмей ме?". Азаттық тілшісі бұл сұрақты жексенбі күні Конституция жобасы бойынша референдумге дауыс берген премьер-министрдің орынбасары әрі ақпарат министрі Аида Балаеваға қойған еді.

10:41

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жексенбі күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан № 129 референдум учаскесінде дауыс берді. Журналистердің сауалына берген жауабында ол елдегі саяси өзгерістерді референдум арқылы шешу "күнделікті саяси өміріміздің нормасына айналды" деді.

Азаттық тілшісі мемлекеттік кеңесші Қаринге "Конституция тағы өзгермей ме?" деген сұрақ қойды.

10:34

Астанада байқаушыларды екі учаскеге кіргізбеді

"Мұқалмас" ұйымының байқаушылары Астана қаласындағы №46 және №63 референдум учаскелеріне кіре алмады, учаскеге оларды "орын жоқ" деп кіргізбей қойған. Бұл жөнінде байқаушылардың өздері хабарлады. Кейбірі жексенбі күні ертемен таңғы сағат 5.40 кезінде барса да, "учаске ішінде орын жоқ" деген уәж естігенін айтады.

09:28

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев 15 наурыз күні Астанадағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан референдум учаскесінде дауыс берді.

Азаттық тілшісі сенат төрағасынан: "Егер референдумда халық жаңа Конституцияны қолдамаса, Конституцияға түзету енгізу идеясы кейінге шегеріле ме? Әлде билік жобаны қайта қарастырып, қайта ұсына ма?" деп сұрады.

Мәулен Әшімбаев "бүгін халқымыз қандай шешім қабылдайды, солай болады" деген жауаппен шектілді.

Тағы

XS
SM
MD
LG