Оштағы қақтығыс. 11 маусым 2010 жыл.

11 маусымға қараған күні түнде Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында тәртіпсіздік белең алды.

Бұл әйел Ош қаласындағы дүрбелеңде жараланған.

Түнгі тонауға тап болған "Меркурий" кафесі

10 маусым күні Оштың орталығында өзбектер мен қырғыздар төбелесіп, ақырында жастар көзіне көрінгенді қиратты.

Оншақты ғимарат өртенді.

11 маусым күні 17 адамның көз жұмғаны, 54-інің дәрігер көмегіне жүгінгені, 80 адамның ауруханаға түскені (29-ының халі мүшкіл) мәлім болды.

Уақытша үкімет Ош қаласы мен соған іргелес аймақта төтенше жағдай жариялады.

Түнгі сағат 2-ден бастап Ош және Үзген қалаларында, Ош облысының Қарасу мен Араван аудандарында төтенше жағдай жарияланды. 20 маусымға дейін кешкі 8 бен таңғы 6-ның арасы - коменданттық сағат.