Алматыда қазақ блогшыларының тұңғыш құрылтайы өтті

Блог құрылтайшылар бағдарлама жасап жатыр. Алматы, 19 наурыз 2011 жыл.

19-20 наурыз аралығында Алматыдағы қазақ блогшыларының тұңғыш құрылтайы өтті. BlogCamp-ке («Блогкемпке») IТ-мамандар, блогшылар, жаңа медиа өкілдері, журналистер, студенттер мен зерттеушілер қатысты.

Ең алғашқы BlogCamp 2011-ге дүние жүзінен 100-ден аса қазақ блогшылары келді. Олардың ішінде парламент депутаттары Мұрат Әбенов пен Бекболат Тілеухан да бар.

Құрылтай 18 наурыздан бастап алыс аудандардан, шет елдерден келген блогшыларды күтіп алудан басталды, ол кешке “KERMES” кафесінде бейресми танысумен жалғасын тапты. 19 наурыз таңертең сағат 9.30-да блог құрылтайдың алғашқы күні тіркелу, ең үздік болгқа дауыс беру содан соң «Блог Құрылтай-2011»-дің ашылу салтанаты болды.

Одан кейін
Блог құрылтай кезінде. Алматы, 19 наурыз 2011 жыл.
блогшылардың жасаған бағдарламаларын (презентация) ұсынуы басталды. Ең алғаш болып презентацияны «Блогтар – азаматық қоғамның бір ошағы» деп «Қазақ блогтарынның даму ерекшеліктері» деген атаумен белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин бастады.

Бұл құрылтай қазақ интернетінің тарихында өзінің лайықты орнын тапқаны анық. Әрбір презентация жасаған блогшы басқа блогшылармен өзінің құнды мәліметтерімен бөлісті. Құрылтайға қатысушылар тамаша әсер алып, бұрын тек қана блог арқылы таныс адамдармен шынайы өмірде танысып, кейбіреулерімен достасып та үлгерді.

Екінші күн презентациялар жалғасып, Прагадан арнайы шақырылған қонақ Дин Кокс мультимедиа тәсілдерін үйретті.

Кешкі сағат төртте блогерлер жаңа жобаларын (start-up) таныстырып, жақсы жоба ұсынғандары демеушілерден қолдау тапты. Олар - «Геоджебра» жобасын ұсынған қостанайлық Талғат Байназаров, Термин.кз сайтымен Ербол Серікбай, Ана мен бала жобасымен Сағын Қалдыбек, Kazlife.com сайтымен Өмірбек Қабай.

Одан кейін үздік блогтарды марапаттау рәсімі өткізілді. Дауыс беру нәтижесінде:

1. Ең көп жаңаланатын блог - Өркен.
2. Ең көп талқыланатын блог - Қисық
3.Ең пайдалы тақырыптық блог - Аспаздық
4.Ең үздік ақпараттық блог - Өрімтал
5.Ең үздік ақпараттық-технологиялық блог - Ербол
6.Ең үздік саяси-әлеуметтік блог - Бүркіт.
7.Ең сауатты блог - Ерлан Оспан
8.Ең жас блогшы - Лашын
9.Ең үздік комментші - Гастербайтер блогтары иеленді.

Ал презентация жасағандардың ішінде ең үздік деп танылғандары Тимур Бектұр, Мейіржан Әуелхан, Мәншүк пен Мейіргүл деп танылды.
BlogCamp құрылтайы келесі жылы Астана қаласында жалғасын таппақ.