Татарстандағы тұңғыш граффити фестивалі

Еуропаның бірнеше елінен келген 60-қа жуық суретші Қазан қаласындағы қоғамдық орындарды түрлендіріп жіберді

Суретшілер 40 шақты тұрғын үй, көпірлер, қоршаулар мен өзге де нысандардың қабырғаларын – жалпы көлемі  1000 шаршы метрге жуық беткейді суреттерімен айшықтады

Кейбір суретшілер үйдің биік тұсына сурет салғанда автокранның көмегін пайдаланды

Татарстан президенті Рустам Минниханов (сол жақта) және Қазан қаласының әкімі Ильсур Метшин (оң жақта) граффити фестивалінің барысымен танысты.

Ұйымдастырушы Анастасия Закирова қандай сурет салуды көрмеге қатысушылардың өздері ұйғарғанын, оларға ешқандай ұсыныс, нұсқау болмағандығын айтады

Орталық мешітке таяу су тоғанының жағалауындағы қабырғаға салынған фреска.