Қазақстан гректері қуғын-сүргінді еске алды

Гректің ұлттық киімін киген әйелдер Панфилов атындағы кентте храмға бара жатыр. Бұл елді мекенді кезінде ел "Кіші Афин" (Афин - қазіргі Грекия астанасы) деп те атаған. Ондағы тұрғындардың үштен екісі гректер болған.

2004 жылы храм аумағында тағзым кресті қойылды. Крест орнату идеясын "От Рождества до Воскресения" фильмінің авторы, деректі фильмдер режиссері Константин Харалампидис-Кот-Оглы ұсынған.

Екі жас адам үлкен икона көтеріп келеді. Олар Қазақстандағы гректердің ата-бабасы - понтиялық гректердің ұлттық киімін киген.

Қаскелең епископы Геннадий (Гоголев) қуғын-сүргін жылдары қаза тапқан гректерге панихида өткізіп тұр. 

Панфилов атындағы кентке Алматыдан, Мәскеуден, Афиннен қонақтар келді.

Меймандар арасында Ресейдің халық әртісі Алексей Петренко (ортада) мен оның әйелі Азима болды. "От Рождества до Воскресения" жобасы аясында жасалған аудиокітаптың бірінде Алексей Петренко грек халқының қасиетті қарттарының бірі Паисия Святогорецтің шығармаларын оқиды.

Мәскеуден келген қонақтардың ішінде Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, әнші Ксения Георгиади (ортада) болды. Оның балалық шағы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында өткен.   

Грек тағамдары мейрамханасының қонақтары. Зал антикалық стильмен безендірілген, грек халқының этнографиясын еске түсіреді. Мұнда эллинизм дәуірі мүсіндерінің көшірмесі, қазіргі гректердің ұлттық бұйымдары қойылған. 

"Кёляли" грек ансамблі. Янис Георгиадис, Никос Георгиадис, Панаётис Элефтериадис Афиннен арнайы келді. Олар Қазақстаннан 20 жыл бұрын көшіп кеткен еді. 

Грек музыкасына билеп жүрген адамдар. Грек тіліндегі әндерді Ксения Георгиади мен "Кёляли" ансамблі орындады. 

Константин Харалампидис-Кот-Оглы (сол жақта). Ол - грек-христиандар туралы "От Рождества до Воскресения" фильмінің авторы.

"От Рождества до Воскресения" фильмінің премьерасы Алматыдағы Ұйғыр театрында өтті. 500 орындық залға кісі сыймай қалды. Ұйымдастырушылар залға қосымша 50 орындық әкеліп қойды.

Панфилов атындағы кентте храмдағы тағзым крестіне гүл қойып жатқан әйел.