Апта бейнелері

Тамыздың 5-сі күні жоғарғы сот жеті жарым жылға сотталған саясаткер Владимир Козловтың үкімін қайта қараудан бас тартты. Бұл сот – Қазақстандағы соңғы инстанция.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Италияның бір топ депутатымен кездескен. Министрлік өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, Ыдырысов оларға оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаевадан "Қазақстаннан заңсыз төлқұжат алу ісіне қатысы барына байланысты Алматыдан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын" түсіндірген.

Тамыздың 5-9 аралығында Қазақстанда жергілікті әкім сайлау өтті. Оның 47-сі – аудандық маңызы бар қалалардың, 2101-і – селолық округтердің, 119-ы – ауылдардың, 190-ы – селоның әкімдері.

Суретте: Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихат депутаттары Қаскелең қаласы мен ауыл әкімдерін сайлады. 7 тамыз 2013 жыл.

5-тамызда Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында «Табиғат» экологиялық қозғалысының белсендісі, биыл 10 наурызда кісі қолынан мерт болған Нұрлан Өтеулиевтің қазасына байланысты сот ісі басталды.

5 тамзыда Астана тұрғындары қала шетіндегі жолды біршама уақыт жауып тұрды. Олар үйлерінің маңындағы көшелерді жөндеп, ойылып қалған шұңқырларды бітеуді талап етті.

Түркия соты "2003 жылы үкіметті төңкермек болды" деп айыпталған 275 адамға үкім шығарды. Бұрынғы армия қолбасшысы, 2008-2010 жылдары елдің қарулы күштерін басқарған генерал Илькер Башбуг өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Тағы бірнеше айыпталушы ұзақ мерзімді жазаға кесіліп, 21 адам ақталды.

Алматыда жеке кәсіпкерлер автобус аялдамаларындағы сауда орындарына қатысты қалалық мәслихаттың 2007 жылы қабылданған шешімінің күшін жою туралы талаптарын айтты.

Тамыздың 6-ы мен 9-ы күндері Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларында 1945 жылғы АҚШ әскери ұшағы тастаған атом бомбасы құрбандарын еске алды. Астанадағы Отан қорғаушылар алаңында «Жапон дыбылы: Хиросима, Нагасаки, Семей полигоны, Чернобыль және Фукусима АЭС-і» шарасы өтті. 

Суретте: Хиросимадағы Бейбітшілік бағындағы 1945 жылғы атом құрбандарын еске алып, мінәжат етіп отырған қарт әйел. 5 тамыз 2013 жыл.

Ресейдің жоғарғы соты бұрынғы мұнай магнаты Михаил Ходорковский мен оның серігі Платон Лебедевтің жазасын екі ай мерзімге азайтты. Сот Ходорковскийдің адвокатының үкімге берген шағымын толық қанағаттандырмады.

Суретте: Жоғарғы сот тыңдауына тұтқын Михаил Ходорковский бейне байланыс арқылы қатысты. Мәскеу, 6 тамыз 2013 жыл.

Тамыздың 7-сі күні Алматыда бір топ белсенді Польша консулдығы алдына жиналып, Варшавадан Мұхтар Әблязовтың серігі, оппозиция өкілі Мұратбек Кетебаевқа саяси баспана беруді және оны Қазақстанға қайтармауды сұрап хат тапсырды.

Алматы маңындағы табиғи аймақты қорғаушы белсенділер Алматы әкімдігі қолдап отырған «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу туралы жобаға қарсылықтарын айтып Орхус комитетіне жолдаған шағымдарына жауап күтетіндерін мәлімдеді.

Тамыздың 7-сі күні Албанияда "Скендербеу" командасымен кездескен Қарағандының «Шахтері» екі ойынның нәтижесі бойынша Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті.

Тамыздың 7-сі күні Алматыда «Әблязовты қайтарайық» атты коалицияға біріккен ондаған үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қуғындағы олигарх әрі оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтаруды сұрап, Францияның Қазақстандағы елшісі Жан Шарль Бертонэге ашық хат жолдады.

8 тамызда таңертеңгі Айт намазынан соң Қазақстандағы мұсылман қауымы Ораза айт мейрамын тойлауға кірісті.

Суретте: Үндістанның Мумбай қаласындағы намаз кезінде ұйықтап жатқан бала. 9 тамыз 2013 жыл.

Бостонда айыпталған қазақстандықтар - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа тамыздың 8-і күні ресми түрде айыптар тағылды. Бұл іс жайлы Азаттыққа Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бух сұхбат берді.