Қолөнер бұйымдары

Қостанайлық Арлан Аңқауов Алматыдағы қолөнер шеберлерінің көрмесіне әкелген бұйымдарының жанында тұр.

Жүн талшықтарынан жапсырып жасаған ат бейнесі. Авторы - Арлан Аңқауов.

Әкелі-балалы шеберлер Асылан мен Ғизат өңделген теріден жасаған сурет бұйымдарын жұрт назарына ұсынды.

Өскемендік Мария Маркованың негізгі мамандығы - дизайнер. Ол 10 жылдан бері киізден аяқ киім жасаумен айналысып келе жатқанын айтады.

Киізден жасалынған аяқ киімдер.

Шымкенттік шебер Жұпар Бейсенованың қолынан шыққан киіз "алмалар".

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылынан келген әжелер көрмеге келген жұртқа киіздің қалай жасалатынын таныстырып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген шебер Мирлан Мамбетакунов Құран кітабына арнап жасаған қапты көрсетіп тұр.

Шебер Мирлан Мамбетакунов күміспен күптеп, терімен қаптап жасаған кеңсе заттарын қоюға арналған тұғыр.

Көрмеге қойылған киіз шапан.

Түркістандық қолөнер шебері Қалмырза Тасовтың өңделген теріден дайындаған Қазақстан картасының макеті.