Жаппай жаттығуларға негізінен жастар шықты

Алматыдағы шара Қазақ ұлттық университетінің стадионында сағат 11:00-де басталды. Жаттығуға барлығы үш жүзге жуық адам келді.

Алматыдағы жаттығу жасау шарасына мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін мамандар мен дәрігерлер де қатысты.

Алматыдағы жаттығу жасау шарасына келген ең жас қатысушылар – бес жастағы Асқар мен жеті жастағы Алима (ортадағы екі бала). Олар стадионға әкелерімен еріп келгендерін айтады.

Алматылық студенттер мен әр университеттің белсенділері де шараға белсене қатысты.

Алматыдағы жаттығу шарасына қатысушылардың дені – мектеп оқушылары. Оқушылар осы шара үшін бұл күні мектептерінде сабақ болмағанын айтады.

Жаппай жаттығу жасау Қазақстанда алғаш рет 2011 жылы өткізілген. Шараның өтуін әр облыстың, ауданның денсаулық басқармасы қадағалайды.

Астанада денсаулық фестивалінің жарыстары Жерұйық саябағында өтті.

Шараға негізінен оқушылар мен студент жастар қатысты.

Әртүрлі жарыстар ұйымдастырылды.

Шеңберді белге салып айналдыруға жігіттер де қатысты.

Гир көтеруден өткен бәсеке.

Жарысты қызықтап тұрған жастар.

Жарыс кезіндегі көрініс.

Денсаулық фестивалі шарасында отырған дәрігерлер.