«Алматы туры» жеңімпазы - қазақстандық атлет

Велосипедші Максим Иглинский. Сурет Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парағынан алынды.

«Astana» командасының спортшысы Максим Иглинский «Алматы турының» жеңімпазы атанды.

16 елден 20 команда қатысқан халықаралық веложарыста екінші орынды - италиялық спортшы, үшінші орынды қазақстандық Руслан Тілеубаев алған.

Спринтерлер жарысында бірінші орынды қазақстандық спортшы Алексей Луценко иеленген.

Ұйымдастырушылар "маршрут - 186 километр" деп мәлімдеген еді. Жарыс қарсаңында ол 155 километрге дейін қысқартылған.

"Алматы туры" дирекциясының басшысы Александр Антышев Азаттық тілшісіне "маршруттың Eurosport телеарнасының трансляция уақытына сыймағандықтан қысқартылғанын" айтты. Антышевтің сөзінше, 5 қазан күні өткен төрешілер алқасы отырысында жарыс жолын қысқарту туралы шешім қабылданып, ол спортшыларға, бапкерлерге хабарланған.