Өткен жылдың бейнесі

Сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мининстрлігінің министрі Серік Әбденовке Алматыда "Әйелдердің зейнет жасын реформалау" туралы жиында белсенділердің бірі жұмыртқа лақтырды.

Тамызда Қайрат Нұртастың бір ғана ән айтып кетіп қалғанына наразы болған Алматы жастары Прайм Плазма сауда орталығында тәртіпсіздік жасап, оларды арнайы әскер таратты.


Қазан айында Сирияға кеткен 150 жиһадшы туралы бейнематериал әлеуметтік желіде жарияланды. Азаттық олардың бірнешеуін анықтады.



Қарашада Алматыдағы "Барахолка" базарында өрт шығып, 3,5 мың шаршы метр аумақ бүлінді.  




Желтоқсанда АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей (сол жақта) және Қазақстан бас прокуратурасының өкілі "саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне тапсырыс берушілер" туралы жаңа мәлімдеме жасады.