Апта бейнелері: 8 - 13 қыркүйек

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жариялаған жаңартылған рейтингте 40-орынға көтерілді. Ол бұған дейін, тамыз айындағы рейтингте 48-орында болған еді.

Өзбекстанның бас прокуроры "Каримова Г." есімді азаматшаны ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қозғалған істің күдіктісі ретінде атады. Ресейдің "Новости" агенттігі Өзбекстан үкіметіндегі белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасап, күдіктінің өзбек президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова екенін хабарлаған.

Чили үкіметі ел астанасы Сантьяго қаласының метросы маңында 8 қыркүйек күні түс уақытында болған жарылысты "террористер ұйымдастырды" деп мәлімдеді. Жарылыс салдарынан 14 адам жараланған.

Суретте: Жарылыс болған жерде жүрген полиция мен журналистер. Сантьяго, 8 қыркүйек, 2014 жыл.

Апта басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфтийі Ерлан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен жиында ҚМДБ аппаратының негізгі құрамы Алматыдан Астанаға көшетіні туралы шешім қабылданған.

9 қыркүйекте Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран президенті Хассан Роухани кездесіп, екі ел арасындағы мұнай-газ, ауылшаруашылығы, инфрақұрылым салалары бойынша мәселелер талқылады.

Нидерланд сарапшылары шілде айында Украинаның шығысында малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының құлауына «бортына жоғары қуатты бірнеше нысанның тиюі себеп болған» деп мәлімдеді.

Суретте: Донецк облысы аумағына құлаған малайзиялық жолаушылар ұшағының қаңқасы. Украина, 22 шілде 2014 жыл.

Шығыс Қазақстан облыстық соты кассациялық алқасы Черемшанка ауылы тұрғыны, жабайы жуа жұлғаны үшін жазықты болған 58 жастағы зейнеткер Светлана Колесникованың айыппұлын төрт еседей азайтты

9 қыркүйекте түстен кейін намаз кезінде Пәкістанның Лахор қаласындағы мешіт құлап, салдарынан кемінде 24 қаза тапқан. Жергілікті биліктің дерегінше, мешіттің қирауына ұзақ уақыт тоқтамай жауған нөсер себеп болуы мүмкін. Апат болған уақытта мешітте 30 шақты адам болған.

Суретте: Лахор қаласындағы құлаған мешіт. 9 қыркүйек 2014 жыл.

9 қыркүйекте Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында бірінші дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты өтті. Апта соңына дейін жалғасатын ойындарда Австрия, АҚШ, Ауғанстан, Әзербайжан, Беларусь, Бразилия, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Швецияның сортшылар күрес, көкпар, аламан бәйге, қыз қуу және басқа ұлттық ойын түрлерінен өзара сынға түседі.

10 қыркүйекте телеарнадан америкалықтарға арнайы сөзінде АҚШ президенті Барак Обама радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес стратегиясын жариялап, АҚШ ұзақ мерзімдік антитеррористік стратегия арқылы "Ислам мемлекетін" жоятын коалицияны басқаратынын хабарлады.

10 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылында "Маңғыстау жол дистанциясы" мекемесінің ондаған жұмысшысы басшылықтан бұрынғы жұмыс орындарында қалдыруды, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Жұмысшылар қаңтар айынан бері жалақылары көбеймегеніне наразылық айтып, жыл сайын бір айлық көлемінде жалақы беруді, теміржолшылар күні және басқа да мейрамдарда сыйақылар төленуін талап еткен.

Суретте: Шетпе теміржолшылары басшылыққа наразылықтарын айтып тұр. Маңғыстау облысы, 10 кыркүйек 2014 жыл.

11 қыркүйекте Орталық Қазақстан аумағына қонған "Союз ТМА-12М" транспорттық кемесінің аппаратымен ресейлік ғарышкерлер - Александр Скворцов, Олег Артемьев пен NASA астронавты Стивен Суонсон ғарышта 169 тәуліктен астам уақыт болып, аман-есен жерге оралды.

Суретте: "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі капсуласынан ресейлік ғарышкер Олег Артемьевтың жүзі көрінеді. Жезқазған маңы, 11 қыркүйек 2014 жыл.

ИТАР-ТАСС агенттігіне сұхбатында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің батыс елдерінен азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға эмбарго қоюына Қазақстан мен Беларусьтің қосылмауы - олардың өз хақы деп мәлімдеген.

Суретте: Сергей Лавров ИТАР-ТАСС агенттігіне сұхбат беріп отыр. 11 қыркүйек 2014 жыл.

Қыркүйектің 11-і күні Алматыда «Болашақ» жастар қозғалысы өткізген гейлерге қарсы жиынның соңы дауға ұласып, жыныстық азшылық өкілдеріне қарсы тарап пен олардың құқығын қолдаушылар сөзге келіп қалды.

Суретте: «Болашақ» жастар қозғалысы өкілдері гейлерге қарсы жиын өткізіп отыр. Алматы, 9 қыркүйек 2014 жыл.

12 қыркүйекте Алматыда қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күніне байланысты саяси серіктері, әріптестері мен қоғам өкілдері оны еске алып, марқұмның зираты басында құран бағыштады. Жылдағы дәстүр бойынша, биыл да осы күні Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шаралары өткізілді.

Суретте: Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында. 12 қыркүйек 2014 жыл.

12 қыркүйекте Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінің екінші күні ұйымға мүше Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары кездесті

Суретте: ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары саммит кезінде. Душанбе, 12 қыркүйек 2014 жыл.

12 қыркүйекте Алматы қалалық соты нацистер көсемі Адольф Гитлер жайлы материал жариялаған соң дауға қалған "Жұлдыздар отбасы - Аңыз Адам" журналының бір топ ардагерге өтемақы төлеу туралы сот шешіміне қарсы берген апелляциялық шағымын қарап, сот шешімі бойынша басылым төлеуі тиіс өтемақы көлемін он есеге азайтты.

Суретте: "Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай (сол жақта) мен шағымданушылар өкілі Николай Жогов сот залында отыр. Алматы, 11 қыркүйек 2014 жыл.
 

12 қыркүйек күні Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауабында оппозициялық саясаткер Владимир Козлов отырған ЛА-155/14 колониясының бастығы полковник Әбілғазы Еділов 
қамаудағыларды жаппай ұрып-соғу мен жиі тінтулерге қатысты Козловтың әйелінің шағымындағы айтылғандарды жоққа шығарды. Түрме бастығы Азаттыққа сұхбат бергенімен, Козловпен жолықтырудан бас тартты.