«Алматы туры-2014» халықаралық веложарысы

Велоспорттан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Александр Винокуров (сол жақта) пен қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Смағұлов.

Қазақстандық «Pro Team Astana» кәсіби велокомандасы. Былтыр «Алматы туры» халықаралық жарысында жеңімпаз болған осы команданың өкілі Максим Иглинский биыл «қанынан допинг табылды» деп айыпталған соң жарыстан шеттетілген.

Биылғы жарысқа «Pro Team Astana» командасы құрамында есімі әлемге танымал италияндық спортшы Винченцо Нибали да қатысты.

«Алматы туры» жарысына қатысушы ресейлік «Катюша» кәсіби командасының мүшелері.

Биылғы жарысқа Қазақстаннан «Pro Team Astana» кәсіби команда мен ұлттық құрамаға қоса қазақстандық тағы бір жас команда - «Vino-4-Ever» мүшелері де қатысты.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов (сол жақта) пен Ұлттық банк төрағасы, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов.

Жарыс басталар алдында.

«Алматы туры» жарысында велоспортшылар әрқайсысы 31 шақырымдық алты айналымды, жалпы ұзындығы 186 километрлік қашықтықты жүріп өтті.

Жарыстың алғашқы айналымында үш шабандоз өзгелерден оқ бойы озып кетті.

Жарыс кезінде «Нұрлы-Тау» бизнес орталығы алдындағы алаңда шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Олимпиада чемпионы, «Pro Team Astana» командасының бас менеджері Александр Винокуров ерекше еңбек сіңірген қазақстандық жаттықтырушыларға «Vino» деген жазуы бар велосипедтерді сыйға тартты.

Алматы уақытымен 14 сағат 15 минутте мәреге біріші болып қазақстандық «Pro Team Astana» командасының мүшесі Алексей Луценко жетті. Ол 186 километрлік жарыс қашықтығын 4 сағат 12 минут 17 секундта жүріп өткен. Екінші орынды ресейлік Katusha командасының өкілі Сергей Чернецкий, үшінші орынды – тағы бір ресейлік RusVelo командасының өкілі Сергей Лагутин иеленді. Алексей Луценко осы аптада Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында аяқталған Азия ойындарында да жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер награда тапсырылған соң барлығы бірге суретке түсті.

Қалыптасқан дәстүрге сай, жеңімпаз бен жүлдегерлер сахна алдында тұрған жанкүйерлер мен баспасөз өкілдеріне шарап шашты.