Қаруластың денесін майданнан алып шығу

Өртенген әскери танк ұрыс алаңында қалды.

Жауынгерлер шайқас жүріп жатқан жерден тапқан жәшікті қаза тапқан танкистің денесін салатын уақытша табыт ретінде пайдаланды.

Сепаратистер жаудырған оқ астында қарулас серіктері марқұмның денесі салынған жәшікті сырты темірмен қапталған көлікке тиеп жатыр.

Сарбаздар мәйіт салынған жәшікті көліктің үстіне байлап тастады. Бұл уақытта сепаратистер оларға оқ атуын тоқтатқан жоқ.

Көлікке тиелген жәшікпен танкистің денесі ұрыс алаңынан шығарылған соң украиналық сарбаздар шайқасты қайта жалғастырды.

Ұрыс алаңында мерт болған танкистің сүйегін үйіне жіберу үшін басын бәйгеге тіккен бұл жігіттің есімі – Славик. Ешкім айтпаса да, марқұмның денесін оқ пен оттың ортасынан алып шығуға өзі сұранып шыққан ол мәйіт тиеген көлікті жөнелткен соң әуежайды қорғауға қалды.

Бұл жігіт те ұрыста қаза тапқан қарулас серігінің сүйегін алып шығуға атсалысып, сосын әуежайды қорғауға қалды.

От пен оқтан бүлінген ғимарат жанында қалған танк қаңқасы.