Совет кезінде түсірілген жұмбақ суреттер

Мәскеудің қызыл алаңындағы Ленин мавзолейіне кезекте тұрғандар.

Мәскеудегі Манеж алаңы, жоғарыда бір шеті көрініп тұрған "Мәскеу" қонақ үйі 2004 жылы бұзылған.

Қызыл алаң мен Ленин мавзолейі.

Киевтегі Крещатик пен Прорезная көшесі (сол жылдары – Свердлов атындағы) қиылысындағы кітап саудасы. Суреттегі нақты мекен-жай - Крещатик, 30, ол жердегі «Дружба» кітап дүкенінде шетел (негізінен, әрине, «социалистік бауырлас елдердің») әдебиеті де сатылатын.

"Еуропа" қонақ үйі.

Киев. Сусындар (спирттік ішімдіктер де бар) мен сигареттер сатылатын 125-киоск. Ол қазір де сол орнында тұр, тек сырты қатты өзгерген.

Киев. Газды су сатушымен сөйлесіп тұрған адамдар.

Киевтің орталығы. Алдыңғы жақта Крещатик көрінеді, бұрышта тұрған зәулім ғимарат – Орталық почта. Алыстан күмбездері мұнартқан – София соборы.

1963 жылы Киевтің орталық алаңы Калинин атында еді. 1967 жылы Октябрь революциясы алаңы деп атауы өзгертілді. Қазір Тәуелсіздік алаңы деп аталатын бұл алаң әлемге Майдан (украин тілінде алаң дегенді білдіреді) деген атауымен әйгілі болды. Бұл сурет «Мәскеу» (қазір «Украина») қонақ үйі жағынан түсірілген.

Мәскеу мемлекеттік университеті ғимараты.
 

Мәскеудегі СССР Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктер көрмесі (ВДНХ).
 

Мәскеу Кремлінің жоғарыдан көрінісі
 

Манеж алаңындағы орталық көрме залының ғимараты. Ол 2004 жылы қатты өрттен кейін қайта жөндеуден өткізілген.

Кремль қабырғасы