Президент күніндегі шара

Тұңғыш президенті күніне арнап өткізілген «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасы кезінде «Сарыарқа» велотрегіндегі үлкен экраннан көрсетілген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Тұңғыш президент күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасына қатысушыларды құттықтау сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі жастар бақытты өмір сүріп жатыр» деді. Жиында сөз сөйлеушілер «Бақытты болудың формуласын Нұрсұлтан Назарбаев жасап бергенін» айтты. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Тұңғыш президент күнінен арналған мерекелік шараға көрермен ретінде мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер қатысты. Суретте: Мерекелік шараға президент Нұрсұлтан Назарбаев келер алдындағы залдағы дайындық. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Мерекелік шарада эстрада әншілері, ұлттық гвардия әскері өнер көрсетті. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Сахнадағы мерекелік қойылым. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Тұңғыш президенті күніне арналған концертке қатысушылар. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстанның тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік шараға қатысушыларды «Сарыарқа» велотрегіне әкелген автобустар. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың автобус аялдамаларының біріне жапсырылған суреті. Астана, 1 желтоқсан 2014 жыл.