Алматыдағы антреприза театры

Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасын» сахналаған актер Сафуан Рысбайұлының антреприза театрының қойылымы. 

Актер Сафуан Рысбайұлы ханзаданың жыланмен тілдесуін бейнелеп тұр.

Актердің раушан гүлі бейнесіндегі сәті.

Актер патша ролін сомдап отыр.

Маскүнем адам бейнесінде.

Актер ханзадаға жолыққан түлкі кейпінде.

Қойылым соңын актер Сафуан Рысбайұлы француз тіліндегі «Fly Mon âme» әнімен аяқтады.

«Кішкентай ханзада» қойылымын тамашалауға келген көрермендер.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шағын залында Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасын» Сафуан Рысбайұлының антреприза театры алғаш рет сахналады.