Үндістандағы Хампи қонысы

Хампи - Виджаянагар империясының көне астанасының орнында қалған діни орталық. Бұл империя Кришна өзенінің бойында 1336 жылдан 17-ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. 

Виджаянагар жәдігерлері ЮНЕСКО қорғауына алынған.

«Хампи» атауы көне Виджаянагар қаласы орналасқан Тунгабхадр өзенінің ежелгі аты «пампа» сөзінен шыққан.  

Жергілікті халықтың негізгі табыс көзі туризм және ауыл шаруашылығы.  

Жергілікті тұрғындар ғибадатханалар мен қасиетті орындарды күтіп ұстауға көмектеседі.  

Хампи қонысында көне қаладан қалған тарихи ескерткіштер көп.  

Хампиде қазір де қызмет атқарып тұрған ғибадатханалар бар.  

Хампи көшесінде арахис сатып отырған әйел. 

Тарихи зерттеулерге қарағанда, бұл аймаққа адамдар 1-ғасырдан бастап қоныстана бастаған.  

Бұл қоныс 14-ғасырда ірі мәдениет орталығына айналған. 

Хампи тарихшылар, археологтар, мәдениеттанушылар және туристер үшін таптырмайтын "жерұйық". 

Қайталанбас сәулет үлгілері, әр жәдігердің өзгеше бітімі бұл қонысты ерекшелендіріп тұрады.  

Мұнда ежелгі мүсіндер мен көне ескерткіштер көп.  

Хампи ғибадатханаларына әлемнің түкпір-түкпірінен тауап етушілер келеді.  

Қант құрағын сығатын құрал. 

Піл шомылдырып жүрген адамдар. 

Хампидегі ең көп көлік түрі.

Хампи – Үндістан теріскейіндегі Карнатака штатындағы қоныс. Мұнда ежелгі ғибадатханалар, ғажайып табиғат, көне империя қирандыларын көруге болады.